ЖаңалықтарӘнші

Роза Рымбаева: Біздің телевизиялық жобалар той әншілерін ғана насихаттайды

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Жұлдыздар отбасы» жұрналына берген сұхбатында отандық телеарналарды жерден алып, жерге салыпты. Әнші басылымның «Димаш қазақ өнерін әлемге таныта ала ма» деген сауалына барынша байыпты жауап берген екен.

– Бұл туралы кесіп-пішіп болжам айту қиын. Өйткені, болашақта не боларын білмейміз. Бір анығы, Димаштың елімізде халықтың сүйікті әншісі атануына мүмкіндік аз.

Себебі, біздің телевизиялық жобалардың барлығы тойдың әншілерін ғана насихаттайды. Соларды мақтап, соларды көкке көтереді.  Жоғары деңгейдегі шын таланттарды көрсететін телевизиялық жобалар жоқтың қасы.

Отандық телеарналар «Тойдуман», «Тойбазар», «Тойбастар» секілді тойдың бағдарламаларынан ары аса алмайды. Алдымен экранымызды осындай мағынасыз шоулардан тазалап, Димаш секілді таланттылардың өнерін дәріптеп,  жастарға үлгі етуіміз керек, – депті Роза Рымбаева.

Дереккөз: Dalanews.kz

Фото Inform.kz сайтынан алынды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close