Жаңалықтар

«Әкесі тірі адам бас ұстамайды»: Қайрат Нұртас тағы да сынға қалды

ФОТО: NUR.KZ

Toiduman_kz парақшасында Қайрат Нұртастың дастарханда бас ұстаған видеосы тарап кетті. Желі қолданушылары қазақтың ырымына сүйеніп, әншінің бұл әрекетінің дұрыс емес екенін айтуда деп жазады NUR.KZ. 

Видеодан Қайрат Нұртастың ыдысқа салынған қойдың басын ұстап, оның көзін алмақ болып, әрекет жасағанын байқауға болады.

Меккеге жасаған қажылық сапарынан оралған әншінің бұл ісін желі қолданушылары қатаң сынға алған.

«Әкесі тірі адам бас ұстамайды», «Әкесі бар адамның бас ұстамауы ежелден келе жатқан салт», «Қазақта әкесі өмірден өтпесе, басты басқалары ұстамаған».

«Қазақта әкесі басты бұзып, өзі таратып береді», «Бұрындары аталар бастың құлағын, миын таратып беретін еді», «Қазіргі жастар салтты білмейді».

«Өзі рұқсат берсе де болмайды», «Мүмкін әкесі жеп, содан кейін миын ашуға рұқсат берген шығар, бастың?», «Әке көрген адам басты ұстамайды. Бірақ оны қазіргілер білмейтін сияқты» деп жазды желі қолданушылары.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close