ЖайдарманШоумен & Тұлға

«Назар аударлық»Ақболат: «Әйелі күйеуінің басқа әйелдерге барып жүргенін өмір бойы білмей өтуі мүмкін».

Ләйла Сұлтанқызының «The эфир» бағдарламасының кезекті қонақтары ретінде «Назар аудар» жайдарман командалары шақырылған болатын. Бағдаралама барысында, жігіттердің топтағы рөлі, әзілге деген көзқарастары, дін мәселелері қозғалған болатын. Тіпті, жастарды қалай рухани жаңғыртуға болатыны да тілге тиек етілді. Оған қоса, сөз арасында жігіттер екінші әйел алу мәселесіне де өз пікірлерін білдірген еді.

“Мен көп әйел алу дегенді бұрыннан қолдаймын. Әлі де қолдаймын. Әйелі күйеуінің басқа әйелдерге барып жүргенін өмір бойы білмей өтуі мүмкін, одан заңдастырғаны жақсы”, – дейді Ақболат.


Ғазиз де көп әйел алуды қолдайтынын, ол үшін әйеліңнің рұқсатын алу керек емес екенін, тіпті өзінің де көп әйел алу ойында бар екенін айтты.

“Мен де бұны қолдаймын, бірақ өзім көп әйел алмаймын. Оған жағдайым жетпейді. Ақшалай тұрғыда ғана емес, басқа жағынан да шамам жетпейді”, – деді Азамат.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close