ЖаңалықтарЭксклюзив

Димаш туралы кітап жарық көрді

Елімізде Димаш Құдайбергеновке арналған жаңа эссе-кітабы жақын арада сатылымға шықпақ. Белгілі ақын Оңайгүл Тұржан Димаш туралы кітабын жарыққа шығарды.

Бұл туралы ақын өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлайды.

«Музыка туралы тек музыкатанушылар жазсын» деген Ереже бар болса, мен ол Ережеден кешірім сұраймын. Димаш жан-дүниеміздегі жансыз дүниелерімізді қозғап жіберді. Біз Димашты тыңдай жүріп, ән тыңдаудың жаңа орбитасына көтерілдік. Өз имиджіміз жайлы жақ ашпаған кезеңдерімізде қанша нәрсе жоғалттық өзі?

Димаштың имиджі жайлы жазбау мүмкін болмай қалды. Біз тіпті көрермен туралы бір ауыз әңгіме айтпаппыз. Басқа халықтың көрермені көрермен сияқты да, біздің қазақтың көрермені солардың көрерменіне қол соғушы сияқты. Ендігі жерде олай болмайды. Залда отырған мына Сіз де, сол залдан шығып бара жатқан Ол да – өнерге қанат бітірген құдыреттер. Димаштың өнеріне қол соққан қол шапалағымыздың үні күллі әлемді жалт қаратқандай. Біз тіпті Димаш арқылы өзімізді басқаша тани бастадық.

Ал Димаш өз шеберлігін қалай шыңдады? Бойдағы талантты сындырып алмай, шеберлік шыңына көтерілуге бола ма? Өзіңді жаңа деңгейге қалай алып шығуға болады?

Менің «Димаш» атты эссе-кітабым осы және басқа да мәселелерді қозғады. Ой қосып, пікір бөліскен Димаштың ата-анасы Қанат пен Светланаға зор алғысымды айтамын. Оқимын десеңіз – мархаббат. Таяу күндері «Меломан», «Flip.kz» кітап сауда желісі арқылы сауда орындарына түседі. Мұндай желіде дүкені жоқ қала, ауылдағы оқырмандарым фейсбук, инстаграм желілері арқылы өзіме жекеге хабарласса болады, көмекші қыздарым сатуды ұйымдастырып жатыр. «-деп жазады ақын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close