ЖаңалықтаржоғарыӘнші

Істі болған Гаухар Әлімбекова алғаш рет ел алдына шықты (видео)

Күні кеше ұлын үйлендірген Ақбота Керімбекованың қуанышында көптеген шоу-бизнес жұлдыздары бой көрсетті. Олардың арасында істі болып, жақында ғана бостандыққа шыққан Гаухар Әлімбекова да болды. Дүбірлі тойдың қонақтары сүйікті әншісін ерекше ықыласпен қарсы алған деп жазады NUR.KZ.

Гаухар Әлімбекова құрбысының отбасындағы қуаныштан шет қала алмаған. Эстрада жұлдызы жас жұбайларды құттықтау үшін арнайы келіп, өзінің хит әнін орындаған.

Желіде тараған бейнежазбадан Әлімбекова әнін орындауға шыққанда той қонақтары бірден оның қасына қарай ағылғанын байқауға болады.

Меймандар әншіні құшақтап, онымен суретке түсуге асыққан.

Көпшілік Гаухар Әлімбекованың орындауындағы әнге шыр айнала билеген.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Гаухар дың ондай жаман əдетті жан емес екенін түрінен ақ білуге болады. Жаны таза адам. Неге сенесіз сондай ақпараттарға. Алла жарылқасын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close