Басты жаңалықтарМузыкаШоумен & ТұлғаҚара бетӘнші

Құмар ойынға салынған әнші кім?

«Ішімдікті тастау оңай, темекі тастаған өте қиын. Бір күн тынбай ішкен күндерім болды. Мен бүгін ішпеппін ғой деп, кейін жарты шөлмек ішкенің есіңе түсіп жатады. Су ішкен секілді болып жүре береді екенсің. Бара-бара денсаулық сыр бере бастады. Содан ойланып, тастадым.»

Бұл Ләйлә Сұлтанқызының «The efir» онлайн бағдарламасына 2000 жылдардың біраз хитін орындаған «Нұрлан мен Мұрат» дуэтіндегі Нұрланның сөздері.

Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Оның үстіне негізгі сөз жұлдыздар өмірінен сыр шертсе, бұл мәтелге таң қалудың қажеті жоқ. Бір кездері мыңның кумирі бұлған аталмыш әнші жаза басқан тұстарын ақтарыла мойындады. Олай дейтініміз, ішімдік, темекі — Нұрланның соңғы қатесі емес.

«Ләйлә, қараңызшы. Әлі күнге дейін барып жүргендер айтпайды. Бірақ бәрі біледі. Мен барғанымды айтамын, шындықты айтамын. Содан мені бәрі ішеді екен, шегеді екен, казинодан шықпайды екен деп ойлайды. Ел қатарлы бардық та, көрдік, құдайға шүкір қойдым. Үлкен қателік қой, үлкен», — деп әнші өз әрекеттерін өткеннің еншісіне қалдыруға тырысты. Бастысы өміріндегі ең үлкен қателіктің бірі екенін де түсінді әрі мойындады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close