Жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім: «Қызыма деген сезімім өшіп қалды»

Танымал актер, жас кәсіпкер Тәуекел Мүсілім Мая Бекбаеваның «Одна история» авторлық жобасына берген сұхбатында: «Жарыммен болашақта ажыраспас үшін, отбасы босағасының берік болуы үшін лайықты жар іздеу үстіндемін», — деп ағынан жарылды.

Қызымен қарым-қатынасын үзуінің себебі ортақ тіл табыса алмағаны, жеткілікті дәрежеде сезімінің болмағаны екенін айтады.

Жақында бір танысым: «Егер болашақ жарым-ау деген қызға 1% болсын күмәнін болса, қарым-қатынасыңды үзгенін жақсы деген еді, дұрыс айтқан сияқты».

«Әр адамның ішкі жан әлемі, ішкі даусы бар ғой. Ішкі даусыма үнемі құлақ асамын. Бұрынғы қызыма деген сезімім өшіп қалды. Мен тағы да ішкі даусымды тыңдап онымен байланысты үздім»

«Болашақ жарым әзілді түсінетін, қарапайым, жақсы әңгіме-дүкен құра білетін сырлас жан болғанын қалаймын» , — дейді талай қыздың жүрегін жаулайтын сері жігіт.

Одан бөлек, өзін үнемі күткенді жақсы көретін Тәуекел Мүсілім ерлерге арналған «Barber shop» ашыпты. Енді ол – тек актер емес, кәсібіне қадам басқан жас бизнесмен.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close