ЖаңалықтаржоғарыӘнші

Айгүл Иманбаеваның аяғы ауыр ма?

Отандық эстрада жұлдызы Айгүл Иманбаеваның Instagram парақшасына жүктеген суреті желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Оқырмандардың басым бөлігі әншінің аяғы ауыр деп болжаған. Бір қызығы, Иманбаеваның өзі де пікірлердің біріне жауап қатыпты деп жазады NUR.KZ.

Қазір Дубайда демалып, саяхатының қызықты сәттерімен бөлісіп жүрген Иманбаева жақында әлеуметтік желіде жұртқа ой салатын сурет жариялады.

Артынша оқырмандар «Кейде бала болып кетемін» деген жазбамен салынған суреттен әншінің «аяғы ауыр» деп топшылады.

«Екіқабат-ау деймін осы қыз», «Керемет жаңалық. МашАллах, қуаныштымын», «Аяғыңыз ауыр ма? Толып кетті деп ойлап едім», «Сәби күтіп жүрсіз-ау, өте қуаныштымын», — деп жазған олар.

Бір қызығы, әншінің өзі аман-есен босануын тілеген оқырманына «Аумин» деп жауап берген.

Бірақ, бұл Иманбаеваның жақында ана атанарына толыққанды сенім туғызбасы анық.

Загрузка…
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close