ЖаңалықтарҚара бетӘнші

Мешіттің алдында жартылай жалаңаш билегені үшін айыпталуда

Татарстанда Болгар қаласындағы Ақ мешіттің территориясында жартылай жалаңаш күйде би билеп, бейнебаян түсірген жергілікті әнші Резеда Ганиуллинаның басы дауға қалды, — деп хабарлайды «Эхо Москвы».

«Жаным» композициясына түсірілген бейнебаянды әнші «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жариялаған. Оның сипаттамасында әнші қазан айында өтетін жеке концертіне шақырған.

Видеоға жергілікті дін өкілдерінің бірқатары наразы болды. Мәселен, Қазандағы мешіттің имамы Сейджагфар Лутфуллин бейнебаянды «татар халқының масқарасы» және «дінді қорлау» деп, ал орындаушыны «стриптизші» деп атады.

Республика мүфтиі Камиль Самигуллин «мешіт — би билейтін орын емес» деп мәлімдеді. Ал оның орынбасары Рустам Батров қыздың әрекетін Мәскеудегі Құтқарушы Христос шіркеуінде панк-молебен орындаған Pussy Riot тобының атышулы акциясымен салыстырыпты.

Ал Ганиуллина осыдан кейін бейнебаяны жақпай қалғандардан кешірім сұрауға мәжбүр болды:

«Әркім жағдайды өзінің ар-ұятының өлшемімен бағалайды. Сахнада жүргеніме он жылдан асты және шыңдала түсуіме көп күш жұмсадым.777Бес уақыт намаз оқымасам да, таңым «бисмилла» сөзімен басталады. Таяуда құрбан шалдық, садақа тараттым, әрдайым адамдарға көмектесуге дайынмын. Біздің ислам дініміз ең таза, ең әділ, татулыққа баулитын дін. Көңілге тиіп кетсе, кешірім сұраймын. Бұл менің сахнадағы образым», — деген әнші мінсіз орындалған шығыс биінің стриптиз емес екенін айтты. Айтуынша, «би, ән, көркем сөз — бұл эстрада жанры».

Ал РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Ресейдің Тергеу департаменті Резеда Ганиуллинаның бейнебаянының шығуы дерегі бойынша тергеуалды тексерісті бастаған. Ведомстводағылар әншінің әрекеті «Ар-намыс құқығы мен дін бостандығын бұзу» бабы бойынша қарастырылуы мүмкін екендігін айтты.

kaz.tengrinews.kz

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close