ЖаңалықтарСпорт

Жәнібек Әлімханұлы мен Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауыспақ

Бокстан әлем чемпионы, ұлттық құраманың 75 келіге дейінгі салмақтағы көшбасшысы Жәнібек Әлімханұлы енді өз бағын кәсіпқой рингте сынамақ. Бұл туралы Massaget.kz хабарлап отыр.

«Ұлттық құрамада көп өзгерістер орын алып жатыр… Мен ғана емес, бірнеше танымал боксшыларымыз әуесқой бокстан кетпекші. Олардың бірі кәсіби боксқа бет бұрса, енді бірі жасының келуіне байланысты бокспен қош айтысуда. Алдағы уақытта Данияр Елеусіновті да кәсіпқой бокстан көріп қаласыздар», — дейді боксшы.

Осындай шешімге бекінген Жәнібек 29 қазанда өзінің дебютін өткізеді. Қарсыласы — колумбиялық Милтон Нунез. Ол бұған дейін шаршы алаңда 50 кездесу өткізген. Соның 33-інде жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Жәнібек қатысатын кештің басты жекпе-жегінде танымал қазақстандық боксшы Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотеймен қолғап түйістіреді. Қанат Ислам кәсіпқой боксқа келгелі бірде-бір рет жеңілмеген. Яғни 21 кездесу өткізіп, оның ішінде 19-ын нокаутпен аяқтаған. Ал Аллотей болса, 36 кездесудің екеуінде ғана жеңіліс тапқан. Отандасымыз WBC рейтингінде бесінші орында. Кездесуде жеңіске жеткен жағдайда Қанат Ислам үштікке енеді деп күтілуде.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close