Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Қазақты мазақ етудің «шарықтау шыңы»: Сәкен Майғазиев Қарағандыдағы жағдай туралы өз пікірін білдірді

Әнші Сәкен Майғазиев Қарағандыда болып жатқан жағдай туралы өз пікірін білдірді.

Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

Жүзі жадырап жүргенімен, жүрегі жылап жүрген Майғазиев өз ойын Instagram-дағы парақшасында жазды.

«ҚАЗАҚты мазақ етудің «шарықтау шыңы» Шырынмен шектелсе деп тілеген едім. Кешегі Қарағандыдағы құлыншағымыздың қыршын кеткені қай-қайсысымыздың да қабырғамызды қайыстырды. Рахымжан Жансейіт бауырымыздың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. ҚАЗАҚ үшін біріге білген қарағандылық қайсар жандарға ҚҰДАЙ қорған болсын. Қайбір жылы Сарыағашта да бір бауырымыз тәжік ағайындарымыздың қолынан қаза тапқанда бір топ өнер адамдары (басым көпшілігі жастар) whatsapp желісінен топ ашып, Сарыағашқа аттанғалы жатқанда, сабырға шақырып, басу айтқан едік. Онда да ақыл айтар ақсақалдар, құзырлы орындар бар, АЛЛАға шүкір, жерге қараған күніміз жоқ. Жаман адамдар болғанмен, жаман ұлт болмайды. Қылмыскер табылып, тиісті жазасын алады деп сенеміз. Отырып алып отқа май құюдан, ұлтаралық араздықтан аулақ болайық, ағайындар. Айталық, Өзбекстанда қазағымыз бір өзбекті кикілжің кезінде өлтіріп алса, сондағы қазақтардың үйін өртеп, көшіріп жіберсе қайтер едік. Десек те, біздің асыл ОТАНЫМЫЗда тұрып жатқан кез-келген ұлт өкілдері ҚАЗАҚСТАНға келген ата-бабаларына бір нанының жартысын, жартысы болса бәрін бере білген ҚАЗАҚ халқының кең пейіл, дархан көңілін бағалауы керек. Жамандық атаулыдан АЛЛА сақтасын», — деп жазды Майғазиев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жүзіміз жадырап жүргенмен жүрегіміз жылап тұратын кездер болады. ҚАЗАҚты мазақ етудің «шарықтау шыңы» Шырынмен шектелсе деп тілеген едім. Кешегі Қарағандыдағы құлыншағымыздың қыршын кеткені қай-қайсысымыздың да қабырғамызды қайыстырды. Рахымжан Жансейіт бауырымыздың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. ҚАЗАҚ үшін біріге білген қарағандылық қайсар жандарға ҚҰДАЙ қорған болсын. Қайбір жылы Сарыағашта да бір бауырымыз тәжік ағайындарымыздың қолынан қаза тапқанда бір топ өнер адамдары (басым көпшілігі жастар) whatsapp желісінен топ ашып, Сарыағашқа аттанғалы жатқанда, сабырға шақырып, басу айтқан едік. Онда да ақыл айтар ақсақалдар, құзырлы орындар бар, АЛЛАға шүкір, жерге қараған күніміз жоқ. Жаман адамдар болғанмен, жаман ұлт болмайды. Қылмыскер табылып, тиісті жазасын алады деп сенеміз. Отырып алып отқа май құюдан, ұлтаралық араздықтан аулақ болайық, ағайындар. Айталық, Өзбекстанда қазағымыз бір өзбекті кикілжің кезінде өлтіріп алса, сондағы қазақтардың үйін өртеп, көшіріп жіберсе қайтер едік. Десек те, біздің асыл ОТАНЫМЫЗда тұрып жатқан кез-келген ұлт өкілдері ҚАЗАҚСТАНға келген ата-бабаларына бір нанының жартысын, жартысы болса бәрін бере білген ҚАЗАҚ халқының кең пейіл, дархан көңілін бағалауы керек. Жамандық атаулыдан АЛЛА сақтасын. Құшақтадым! 🤲🇰🇿🕌🕋🍼👼🏻👨‍👩‍👦‍👦💞🏘📚🌎🍞🥛🍯🤝🏇🕊☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close