жоғары

«Ертеңіне сенбесе, қалай үйленеді?»: Белгілі сазгердің жанайқайы көпшілікті тебірентті

Белгілі сазгер Айгүл Бажанова халықтың шыдамының таусылғанын, әрбір қазақта несие бар екенін айтып жанайқын жеткізді.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Шыдам әбден ширыққан. Халық қазір қиналып жүр. Шынын айтқанда, жерге наны жоқ. «Жұмыс істеп жүр»- дегенінің өзінің алатыны 60.000-70.000-нан аспайды. Ең көп алатыны 100.000-120.000 шығар. Олардың өзі жұмысына таң атқаннан кетіп, түнде үйіне бір-ақ келіп, төсегіне құлайды. Дүкенге бір кіріп шыққанда сол айлығының жартысын тастап шығады. Ал азық-түлік күн сайын қымбаттап жатыр. Бүкіл қазақта несие бар. Алмаса аштан өледі. Әйтеуір Алла бөлген ризықпен титықтап өлместің күнін көруде. 200-300 квадраттық үйі барларды, «осында ақша бар шығар»- деп ойлайсың, ол үйі залогта тұрады. Жақсы көлік мініп жүргендерді ойлайсың, «ее,мынау жақсы тұратын шығар»,- деп, ол онысын да кредитке алған боп шығады. Бизнесі барлардың өзі несие алып, сол ақшамен ашқан, онысын ақтай ма, ақтамай ма, бұлыңғыр.
Ашынбағанда қайтсін жұрт? Сағы сынбағанда қайтсін? Кімге, қалай сенеді сосын? «Жалқау қазақ» — дейді, істейтін жұмысы болмаса ұйықтамағанда қайтсін енді?
Ішіп-жемі барлары қарапайым xалыққа қараса ма? Қараспайды. Одан сайын құнығып, былыққа батып жатыр. Жастарды «үйленбейді», дейді. Қалай үйленеді ертеңіне сенбесе?! Өз бастарын асырай алмай жүргесін жауапкершіліктен қорқады. «Жоқ» — дегенді естімеуі тиіс кішкентай балалардың өзі үнемшіл болып алды. Ерте есейген. Қамсыз балалық жоқ оларда. 
Кешегі жағдай жығылған үстіне жұдырық болды. «Халықтың сөзін сөйлемеді»- деп жатыр біреулерді, сөйлесе қолындағы барынан айрылады, сосын қалай сөйлесін. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала «аш болам» деп ойламайды». Сөйлегендердің даусы жетпейді. Не сауаты жетпейді.
Жауабын да, сауабын да сұрайтын ешкім жоқ.
Сонда да, шүкірі аузында. Сонда да мейірімді. Сонда да ақкөңіл. Сонда да арам ойламайды. Бөрі мінез қазақ сонда да арығын білдірмейді-ау, білдірмейді. Айналайын-ай», — деп жазды Бажанова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close