Басты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаШоу бизнесӘнші
ТikТok-тың жұлдыздары кімдер?
ТikТok видеоплатформасындағы оқырмандар саны бойынша алғашқы бестік анықтайық, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.
Біздің жұлдыздар трендтен қалмайды. Ninety One тобы ТikТok-та да аудиториясы саны бойынша көш басында. Фоловерлері 253 мыңға жетіпті.
Ал екінші орында әнші Say Mo. 209 мың оқырманына видеоның түр-түрін түсіруден жалықпайды ол.
Ең жиі қолданатындар тізімін Айдана Меденова жалғайды. 129 мың көрермені бар Айдана да желінің жұлдызы.
Зируза да белсенді тик-токерлер қатарында: 102 мың фоловері бар.
95 мың көрермені бар Салтанат Бақаева алғашқы бестікте.
Иә, түрлі видео түсіруге және көруге құмар жандардың қоржыны тағы бір толықты. 2018 жылы қолданысқа енген Тик-ток видеоплатформасының бүгінде 150 мемлекеттен 1 млрд-тан астам қолданушысы бар.