InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаПродюсерШоу бизнесӘнші

AZ Ninety One-нан кетті

Ninety one тобының мүшесі Азамат Зенкаев топтан шығып кетті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Ninety one тобының мүшесі AZ топтан шығып кетті. JUZ Entertainment компаниясы Азамат Зенкаевпен келісімшарттың тоқтағанын мәлімдеп, жағымсыз жаңалықпен бөліскені үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады. Ал кенеттен болған өзгерістің себебі белгісіз.

JUZ Entertainment AZ-ге топтың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Азамат бойз-бендтен кеткенімен, достық қарым-қатынас пен байланыстың жоғалмайтынын жазды олар. Сондай-ақ, жанкүйерлерден түсіністікпен қарап, қолдау білдіруді өтінді. «Eagels»-тар болса, бұл хабарға сене алар емес. «AZ-сіз топты елестете алмаймыз. Топтың көшбасшысы кім болмақ? AZ-дің орнын ешкім баса алмайды» сынды пікірлерді жаудырып жатыр оқырмандар. Ессіз жанкүйерлер үшін бұл 2020 жылдың ең нашар жаңалығы болған сияқты.

Еске сала кетейік, 2015 жылы құрылған 91 тобы кәрістің поп-әуені бағытында Q-popтың яғни, қазақша поп-музыканың негізін қалады. Бұған дейін AZ, ALEM, ACE, ZAQ, BALA секілді 5 мемберден тұратын. Топтың продюсері Ерболат Беделхан жаңа бағыт әкеліп, көпшілікті бір шулатып еді. Десе де, бойзбенд жастар аудиториясын жаулап алып, мыңдаған жанкүйерлер армиясын жасақтады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close