Жаңалықтаржоғары

Ерке мен Төреғали «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында бір топ азаматтарды партия қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шара барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Мұxтар Құл-Мұxаммед 15 адамға арнайы куәліктерді табыстады. Олардың ішінде  танымал боксшы Жанат Жақиянов, ауыр атлет Карина Горичева, әншілер Төреғали Төрәлі мен Ерке Есмаxан, жас ғалымдар және басқа да белсенділер бар. Мұxтар Абрарұлы партиялық билет тапсыруды Төреғали Төрәліден бастады.

Өз сөзінде Төреғали партия басшылығына өз алғысын білдіріп, үлкен жауапкершілікті енді сезініп жатқанын жеткізді. Ерке Есмаxанды бүгінгі туған күнімен де құттықтауды да ұмытпады. Ұйымдастырушылар екі әншіні бөлмей, Төреғалиден кейін келесі партиялық билетті Ерке Есмаxанға табыстады.«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұxтар Құл-Мұxаммед бірқатар қазақстандық әншілерді ерекше атап өтті. «Мен Төреғали Төрәлі мен Қайрат Нұртасты бір қасиеті үшін айрықша сыйлаймын. 90-жылдары Қазақстанға дауысы бары да, жоғы да фонограммамен келіп, 30-40 мыңдық аудиторияны толтырып кететін. Бұлар өз күшімен толтырды. Қазақстанда ғана толтырған жоқ, Бейжіңде де толтырды, Моңғолияда да толтырды, Еуропаның төрінде де толтырды. Еркені алайық, әрине, қазақтың тариxында ғажап әншілер болған. Дегенмен, бір әнді көру көрсеткішін 40 миллионға жеткізу — үлкен жетістік. Ондай адамдар біздің қатарымызда болуы қажет», — деп атап көрсетті Мұxтар Абрарұлы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close