жоғарыТелерадио

«МузАРТ LIVE» жобасы басталғалы жатыр

«МузАРТ» тобы ізбасарлар іздейді. Әрине, жай кастинг секілді емес, «Қазақстан» Ұлттық арнасында арнайы «МузАРТ LIVE» мега-жобасы арқылы жұмыс жүргізілмек. Бұл туралы «МузАРТ LIVE-тың» әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлайды.

Жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы ақпарат бойынша, іріктеу онлайн жүргізіледі. Алайда қай кезде басталатыны белгісіз. Анығы жақын арада болмақ.

Іріктеуге 16-25 жас аралығындағы жігіттер (тек қана жігіттер) қатыса алады. Онлайн іріктеу жобаның ресми сайтында жүргізіледі. Сайтқа сілтемені 15-нші наурызда жариялайтын болады.

Барша жаңалықтарды Инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы @muzartlive_official арқылы біле аласыздар. Егер өзіңіздің әлеуетіңізге сенсеңіз, сіз де қатысыңыз, құрметті «Жұлдыздар әлемі» оқырманы!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

4 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close