Қайрат Түнтеков, Әнші:Мәдениет министрі болсам деген арманым бар

Бүгінгі сұхбатымыз белгілі Әнші, халықтың сүйікті әншісі Қайрат Түнтековпен болмақ.Қайрат Түнтековтың «Жұлдыздар Әлеміне» берген сұхбатында өнері, бизнесі,сүйіткісі туралы әңгіме қозғайтын болады, жақсы сұхбат болған секілді,оқуға кеңес береміз!

Yd081NNdjeA

Қайрат, бүгін өзіңізбен сұхбаттасудың жөні түсіпті. Жанкүйерлеріңіз әбден сізді сағыныпты, бізден жиі сұрайды. Қайда жүрсіз? Не істеп жүрсіз?

Көрінбей жүргенім бәріне мәлім ғой. Жалпы қазір Алматыда өнерге көбірек көңіл бөліп, үнтаспамды жарыққа шағаруға дайындап жатырмын. Астана қаласында аздаған бизнесім бар. Шымкент қаласына әке-шешеме жиі барып тұрамын. Үш қаланың ортасында осындай шаруашылықтармен жүріп жатырмыз.

Өнеріңізге қаншалықты көңіл бөліп жүрсіз? Әлде назарыңыз бизнес саласына ауып кетті ме?

Өнер жолында жүрген соң өнерді шыңдап, дамыту керек. Шынымды айтсам қазір аздаған «творчествалық кризис» болып жүр. 2 жылдай сахнадан көрінбей кеттім.  Өзіңіз айтып отырғандай тыңдармандарым күтіп қалды, іздеп жатыр. Құдай қаласа жақын арада жаңа әндеріммен қайта ораламын. Бойыма туа біткен өнер болған соң өнерімді еш уақытта тастамаймын.  «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей қолдан келгенше жан-жақты болуға тырысудамыз.

Жаңа айтып қалдыңыз жақын арада үнтаспам жарыққа шығады деп. Қандай бағыттағы әндер болмақ?

—  Барлығы 7-8 ән болмақ, тек ағылшын тілінде. Ал, қазақ тіліндегі әндер саны одан көбірек болады. Шабыт келгенде отырып, әндерімнің қатарын көбейтемін.

Шабытты қайдан аласыз?

— Оны нақты айту қиын, түсініксіз. Енді өнер адамы болғаннан кейін кейде қуанғанда, кейде мұңайғанда деген сияқты.

Сізде рухани құлдырау жиі болама?

— Ондай көп болды, болып та жатыр. Өмір болған соң қызығы мен қиыншылығы қатар жүреді. Осыдан 1-2 жыл бұрын басымда аздаған қиыншылықтар болды. Оны халық біліп отыр. Сондай жағдайларда рухани құлдырағаным рас. Дегенмен халық мені қолдады. Соның бәріне шыдап, өзімді-өзім сол жағдайдан алып шықтым. Алла басыма қайғы берді екен деп, бәріне қол сілтеу жігіттікке тән қасиет емес.

Рухани шаршағанда сізді не құтқарады? Тыңдармандарыңыздың сізге деген шынайы махаббатын сезінесіз бе?

— ия, Құдайға шүкір. Халықтың мені іздеп, сағынатындарын сеземін. Рухани шаршағанда бір бөлмеге кіріп, әбден ойланып есімді жиып аламын. Рухани шаршағанда негізі көп адамдар шыдай алмайды, күш-жігері болмаса. Сынақтардан сынып кетіп, құлаған адам қайта басын көтере алмауы мүмкін. Бізді қаншама адамдар сындырғысы келіп, шалғандар көп.  Көреалмаушылықтан дуалап тастайтындар да бар. Оның бәрін де көріп, өтіп келе жатырмыз. Жаратушымыз куә. Әйтеуір бір Аллахтын қолдауымен еңсемізді түсірмей алдыға аяқ басып келе жатырмыз.

Бізден негізі көпшілік жастар жағы сізді көп сұрайды. Тыңдармандарыңызды бір қуынтып қойыңызшы. Өнер жолынан кетпейтініңізді айтып дегендей……

— Жо-жооқ. Өнер бұл Аллахтын берген маған үлкен сыйы. Басыма аздаған сынақ салды екен деп өнерді тастап, немесе өмірімнен безіп кететін мен емес. Аллах Тағала сүйген құлын сынайды деп жатамыз ғой. Дегенмен әр адамның басында өзіндік қиындықтар бар. Қиыншылықтың бәрі де уақытша ғой. Ең бастысы соған төзіп, теріс жолға түспей, бәрін де көтере білу керек. Өз еңбегімізбен талпынып келеміз. Әр қиындықтың артында бір жақсылығы бар.

Болашақта шәкірт тәрбиелеу ойыңызда бар ма? Қазіргі күні артыңыздан ерген жастарға қолдау көрсетіп, ағалық ақыл айтып жүрген жайыңыз бар ма?

-әрине, инстаграм желісіне «МК» продакшн жариялап салғанымда көп жастар жағы хабарласып, «Қазақстан дауысы» тележобасына қатысқан бауырларымыз бар, менің қол астымда, бірге жұмыс жасағылары келетіндіктерін айтып жатты.   Жеке продакшн ашып, продюсер болайын деп жүр деген әңгімелер естісе керек. Мен осы күнге дейін біліп-түйіп, үйренгенімді ниетті жастарға үйретуге әзірмін.

Бұл продакшнды ашуды қай уақытқа жоспарлап отырсыз?

— Енді бұл продакшн болғанда, шағын жастарға арналған, бағыты бөлек дүние болады деп отырмыз. Биді қосып, заманауи бағытта жұмыс істеу жоспарда бар. Кезінде мен «Наз қоңыр» халық әнін өзгертіп, заманауи бағытта орындап шыққанымда сынға іліккенмен, жастардың көңілінен шықты. Халық әнін жастар тыңдай бастады дегендей. Жастар жағы жақсы баға берді, мықты шыққан деп жатады.

Сіз сынға көп ұшырайтындардың қатарынансызба?  Әлде мақтауға көп ілінесіз бе?

— Бәріне аян, осы соңғы кездері сынға көп ұшырап кеткенім, яғни болған жағдайларға байланысты.  Бірақ менің өнеріме ешкім артық әңгіме айтпайды. Артық жала жабу, жаман жолға түсіп кетіпті дегендей әңгімелер қатары бола қоймайды. Адамның қандай екені қарым-қатынасынан, жүзінен-ақ көрініп тұрады. Мен өзім тік адаммын. Артынан әңгіме айту деген сияқты қасиетім жоқ.

Қазақстанда Қайрат Түнтековке еліктейтіндер көп пе? Сізді іздеп жүріп, тіпті сыйлық әкеліп жатқан жанкүйерлеріңізді көзім шалып қалды.

— Білмеймін, санап жүргенім жоқ. Дегенмен кездесіп жатады. Шүкір дейміз. Бірі әніме ғашық болып жатса, маған ұқсағысы келтіндер де болып жатады.

Қазіргі күні сізді концерттерге жиі шақырады ма?

— жоқ демеймін, бірақ аздап қалды. Себебі әндер жазудан гөрі, бизнес жақа көбірек көңіл бөліп қойдым. Жаңа айтқанымдай жаңа әндер жазылып жатыр, содан кейін қайтадан сұраныс бола бастайды. Бірақ, менің бағытым бөлек. Жанды дауыста, би қосып, шоу жасағанға құмармын. Көрерменге де қызық болу керек. Әр қалаға барып концерттер беріп, өз көрерменімді жинағым келеді. Жастарға қалай сапалы жұмыс жасау керектігін үйреткім келеді. Осыдан екі жыл бұрын Шымкент қаласында екі дүркін Мұз сарайында жеке кешімді өткіздім. Жанды дауыста ән шырқап, билеп, шоуымен керемет кеш болды. Өзім де рахаттанып қалдым. Көрермендер сол концертті әлі күнге дейін айтып жүр, бір жағынан сағынғандары да бар. Жасаған соң сондай әсерлі етіп, сапалы дүниелер жасау керек деп есептеймін.

Осы күнге дейін жинаған қоржыныңызда қанша әніңіз бар?

— Санамайды екенмін. Негізі баршылық.

Өзіңіз де ән жазасыз, өзіңіз орындап жүрген әндеріңіздің қанша пайызын жаздыңыз?

—  Ән жазуды өзім осы екі жыл бұрын ғана қолға алғанымды ескере кетсек, қазір қоржынымда өзім жазған 3-4 әнім бар. Ал, ендігі жаңа әндерімнің қатарын өзім жазып, толықтырып жатырмын.

Отбасын құрдыңыз ба?

— Жоқ

Сүйіктіңіз күтіп қалған жоқ па?

— Күтетін адам күтеді ғой, дегенмен көпке ұзатпай үйлену  керек. Жас болса келіп қалды.

Демек, сүйіктіңіз бар?

— Ия

Өзіңізді болашақта қалай елестетсіз? Өзіңізді қай орыннан көресіз?

— Бір он жылда мәдениет министрі болсам деген арманым бар. Тиісті білімім бар. Ол үшін өнер жолында аянбай тер төгіп, еңбек ету керек. Осындай мақсат бар.

Негізі жақсы әңгіме болды.Сыр бүкпей, барынша ашылып сұрақтарыма жауап бергеніңізге рахмет! Оқырман қауым осымен көкейдегі біршама сұрақтарына жауап алады деген ойдамын. Сізге тек сәттілік тілейміз.

 

Сұхбаттасқан: Арайлым Талапқызы

 

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close