Басты жаңалықтарСұхбаттарТелерадиоШоумен & Тұлға

Нұрсұлтан Құрман:Сезімге келгенде кешігіп қала беремін

0D1Sk-2ilPkБүгін белгілі журналист,тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманмен жақсы сұхбат болды. Қазіргі телевизия саласының деңгейі қандай? Сонымен қатар сол салаға қандай жаңалық әкелді?!
Қашан отау құрғалы жатыр т.б сұрақтардың жауабын сайтымыздан біле аласыздар!

Тележүргізуші болу үшін қандай қасиеттер болу керек?

Тележүргізуші болу үшін бәріне белгілі білімді болу керек, ақыл, дарын деп айтып жатады, мен үшін тележүргізуші болу үшін мінез керек, адам өз-өзін қатты сыйлай білу керек, адам өз өзін сыйлап, мінезі болса тележүргізуші бола алады деп ойлаймын.

Сіз үшін қазіргі таңда ең мықты деген тележүргізушілер кім?

Ешкімді бөліп жарғым келмейді, біреуді жақсы,біреуді жаман деп айта алмаймын, әр журналисттің өзінің деңгейі бар, өзінің бағыты бар, өзінің көрермені бар,сондықтан мен анау жаман,мынау жақсы деп айта алмаймын, себебі әркім өзінің жұмысын жасап жатыр.

“Оскар” кино жүлдесін жүргізген кезіңізде ғаламторда сын-пікірлер айтылып жатты, сол туралы айтып өтсеңіз…

Әрине қосыламын арасында дұрыс пікірлерде болды, орынсыз сын пікірлерде болды, бұл мәселеге байланысты бірнеше жерге жауап бергенімде болды, “Хабар” арнасы өтініш жасағаннан кейін, өтінішті жерге қалдырмай,киножүлдені жүргіздім, бірінші бұл менің комментаторлық жұмысым, ал екіншіден мен кинотанушы емеспін, үшіншіден бұл кинотуындылар прокатқа әлі шықпаған және мен “Оскар” кино жүлдесінің тарихын жақсы білемін деп айта алмаймын,  бұл жерде қарапайым көрерменмен бірге сұхбаттасып отыратын рөлді атқарып отырдым деп айта аламын, негізгі рөл менің әріптесім Александр Мостовойда болды, себебі ол кісі киноның жанкүйері, кинотанушы болғанннан кейін барлық негізгі рөл сол кісіде болды,мен тек  қана киноның атын және киноның кішігірім тарихын баяндап отырған болатынмын, маған басқа ештеңе талап етілген жоқ, одан кейін басшыларда маған разы болды, ризашылықтарын білдірді, көрермендер “неге аз сөйледің”, “орыс комментатор неге көп сөйледі” деген болатынмын жауабым жаңа айтып өткендей негізгі бөлім Александр Мостовойда болды және бұл мен үшін дебют болды,әрбір адамға ең алғашқы жұмыс қиынға соғатынын білесіз, сондықтан мен өзімнің деңгейімде жақсы орындап шықтым деп ойлаймын, біздің қоғамда жалаң және бұрыс пікірлі азаматтар өте көп, олардың басты мақсаты тек қана жамандау, ондай адамдарға айтарым әлі де “Оскар” жүлдесі болады,сол кезде көре жатармыз, бірақ бір қызығы одан кейін бірнеше іс шарашаларды жүргіздім, өте жақсы жүргізе алдым деп айта аламын, көрермендердің де пікірі оң болды, сол кезде сынайтын адамдар оң пікір айтуға да шамасы жетпеді, яғни бұл іштарлық деген сөз.

OD41mTEN7mg

 

Журналист ретінде біздің телевизияға қандай тың дүниелер жетіспейді?

Қазақ телевизиясына сіз қандай жаңалық әкелдім деп ойлайсыз?

Жастарға телевизияда орын бар екен дәлелдедім деп ойлаймын, тек қана телевизияда емес, жалпы журналистикаға жаңалық алып келдім деп айта аламын, басында ойлайтынмын бұны жастар істей алмайды деп, жастар сөйлей алмайды деп, менің ойымша белгілі бар пайыз телевизия саласына өзгеріс алып келдім деп нық сеніммен айта аламын, Бізде кішкене жауапкершілік жетіспейтін секілді, жауапкершілік дегеніміз – әрбір адам телевидинияда бір минутқа шығатын болса да оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек, ол оның абыройы, имиджі, кейбір азаматтар оған бей жай қарайды, жұмысқа бармайды, немқұрайлы қарайды, тырнақшаның ішінде “Халтура” жасауға тырысып кетеді, ақшасына қызығады да, ақшасын алып негізгі өнімге келгенде ештеңе бермей кетеді.Хабар арнасының қызметкері болғаннан кейін, арнамның атынан жауап берейін, қазіргі таңда “Хабар” арнасында көптеген қызықты бағдарламалар ашылып жатыр, “Қызық times”, “Жеті Ән” сияқты бағдарламалар,бұл бағдарламалардың дикорациясы да, жарықтары да, шақырылып жатқан қонақтары да барлығы керемет, міне енді-енді, дамып келе жатырмыз, ненің не екенін түсініп келе жатырмыз, енді бұл 25 жастағы Нұрсұлтанның пікірі деп қабылдаңыздар, жілігін шағып, майын ішкен журналисттің пікірі деп ойлап қалмаңыздар, бұл 25 жастағы Нұрсұлтанның пікірі ғана.

Әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Құрманмен сұхбаттасамыз, сұрақтарыңыз болса қойыңыздар деген болатынмыз, барлығының бір ғана сұрағы бар: Нұрсұлтан қашан үйленеді?

Бұл сұрақ соңғы кезде маған қиын болып жүр, өйткені кейде үміттен күдік басым болып, үміт оты жанып, бақытты тапқандай әсерде боласың, бірақ белгілі бір уақыт өткеннен кейін үміт отына бір күл себілгендей, ой екіге бөлініп кетеді, кейде бір шынайы бақыттың не екенін ұғып, бақытты тапқандай боласың, бірақ уақыт өте келе, ортадағы азаматтардың пікірі, үйдегілердің пікірі сені оны таразылауға алып келеді, таразылаған кезде, таразының жоқ деген жағы басым болып кетеді, көбінесе мен кешігіп қаламын, бір – екі рет кешігіп қалған тұстарым болды оны мойындау керек, мен “джентельмен” азаматпын,егер қыздың жігіті болса, мен оған тиіспеймін, мен оның жүрегін жаралауға, болмаса оны жігітінен тартып алуға тырыспаймын, бұл джентельменнің мінезіне сай емес, мен де болды шынайы ғашық болған қыздар бірақ ол қыздардың жігіттері бар болып шығып , мен джентельменге сай, жарайды әлі ақ бақытымды табармын деп ойлаймын, Алла қаласа өзімді түсінетін, достарымды түсінетін, үйді түсінетін қыз болса сол менің бақытым деп ойлаймын.

0EhPq3j_O7o

Анаңыз “Тақиялы періште” фильміндегі Әмина апамыз секілді, сізге жар іздестіріп жүрген жоқ па?

Шынын айтсақ қазір әкем де анам да бұл тақырып бойынша қатты бас қатырып жүр, әке – шешемнің екеуі де уатсапты жақсы меңгеріп жүр, әкем өзінің сыныптастарының, қызметкерлерінің, достарының қыздарын  уатсаппен жібереді, мынау қалай, мынау қалай деп “Тақиялы періште” фильміндегі Әмина апамыздың рөлінде анам емес, әкем жүр мынаумен құда болайық, мынаумен құда болайық деп, әкемнің сөзінен аттап кете алмаймын, бірақ ол қызбен мәңгілік өмір сүретін мен ғой, сондықтан алдағы уақытта көре жатармыз.

Сізбен бірге мәңгілік болатын қыз қандай болуы керек?

Сөздің шыны керек мен біріншіден әдемілікке мән беремін, адамдар айтып жатады ғой иманды, адамгершілігі болса болды деп, мен олай айтпай ақ қояйын, әдемі болу керек, әдемі болғаннан кейін оған назар аударасыңң, әдемілігі ақылына сай болса, еркелігі болса деймін, тәттілігі болса деймін,негізгі критериялар осы,ең басты әдемі болса, қылықты болса, заманауи болса деймін, сол мен үшін мәңгілік қыз болады деп ойлаймын.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close