ЖаңалықтаржоғарыЭксклюзив

Отандық жұлдыздар жаңа жылды қалай қарсы алды?

«Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жыл солай өтеді» — деген сенімді ұстанып,  жыл қарсаңын ерекше өткізуге тырысып жатамыз. Біздің отандық жұлдыздарымыз да мереке алдында барлық кештерді өткізіп, отбасымен қарсы алуға асығады. Оның бірі Болмановтар отбасы. Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен, Бурабайдың «Оқжетпесінде» қарсы алған отбасылық дуэт Қарақат пен Қыдырәлі бұл мерекені отбасылық мереке дейді.
 Ұнамды іс пен пайдалы істі қатар алған Болмановтармен бірге осы демалыс орталығында Айгүл Мүкей мен Ләйлә Сұлтанқызының да отбасы қарсы алған.

Жанұялық мерекені қазақ примадоннасы Роза Қуанышқызының өнерлі қос қанаты да отбасымен бірге қарсы алған.

Дегенмен, ер жеткен жігіттер достарымен көңіл көтеруді де ұмыт қалдырмаған. Мерекелік бас қосу өнердегі достарымен жалғасын тапқан.

Нәзік дауысты Әйкерім Қалаубаева болса, отбасылық суретін жариялап, оқырмандарын ұлы мен қызын таныстыру арқылы құттықтап өтті.

Белгілі тележүргізуші, визнесвумен Динара Сатжан ұлы мен қызын алып, Алматыдағы ата-анасының жаңында қарсы алғанды жөн көріп, белгілі дизайнер, тележүргізушінің келіні Әсем Нұрсеитовамен бірге, жанұялық ортада қарсы алған.

Біраз отандық жұлдыздарымыз отбасымен тойлап жатса, Тәуекел Мүсілім Үндістанда, әлемнің жеті кереметінің бірін көзбен көріп, Таж Махалда демалып жүр.

Ал, өнер әлеміндегі жаңа жұптардың бірі Қайрат пен Жұлдыз болса, жұмыстарына білек сыбана кіріскендері соншалық, жұмыс бабымен Сыр елі, жыр елі — Қызылордада қарсы алған.

ЕСКЕРТУ! БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН! АҚПАРАТТЫ КӨШІРІП БАСУ ҮШІН САЙТТАН РЕСМИ РҰҚСАТ АЛУ КЕРЕК!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close