ЖаңалықтарКино & Театр

Нұртас Адамбаевтың «Тараз» фильмі жарыққа шықты

Көктем мезгілінде Нұртас Адамбай драма жанрындағы алғашқы туындысы, «Тараз» фильмін таспалаған еді. Күні кеше режиссер, оны ел назарына ұсынды деп хабарлайды Gakku арнасы

Тұсаукесері басталмастан бұрын режиссер фильмінің көпшілікке ұнайтынына сенімді болды.
Нұртас Адамбай: «Туынды көпшілікке ұнайды деген бойымда сенімділік бар. Себебі, фильмді біз жан-тәнімізбен, бар күшімізді сала отыра түсірдік«.

Фильмді режиссер өзінің туған қаласында түсірді. Криминалдық драма болғандықтан, онда түрлі шытырман оқиға да бар. Бұған дейін үш комедия таспалаған Нұртастың бұл туындысы ең алдымен өзінің көңілінен шықты. Сондықтан, оны сыни көзқараспен қарайтындарға да тамашалауға кеңес береді.
«Біреулер күлу үшін келуі мүмкін. «Кеттік, қарайық, ол не түсірді екен»,-деп. Менің ойымша ондай жандардың ойлағаны болмайды. Өйткені, барлығы жақсы шыққан«,- дейді Адамбай.

Аталмыш туындыдағы басты рөлдерді продюсердің өзі, Асан Мәжит, Еркебұлан Дайыровтар сомдайды. Олардың қай-қайсысының көздерінен қатыгездік көрінеді. Бірақ, ол олай емес дейді Еркебұланның өзі.

Еркебұлан Дайыров: «Бұл фильмдегі менің жасаған кейіпкердің сұлбасы қатыгез болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ол ондай жігіт емес. Енді фильм барысында Құдай қаласа өздеріңіз көрерсіздер. Оның өзінің шындығы бар, оның өзінің дүниетанымы бар, оның өзінің өмірдегі сәтсіздіктер және алға қойған мақсаттары бар. сол себепті фильм барысында әркім өзіне түйгенін және керегін алады деп ойлаймын«.

Иә, расыменде туынды көпшіліктің көңілінен шықты. Тіпті бүгінде түрлі фильмдерді таспалап жүрген Асқар Ұзабаев та Нұртастың еңбегін жоғары бағалауда.
Асқар Ұзабаев, тағы бір режиссер: «Нұртастың бойында үлкен режиссерлік қабылеттің өсіп кележатқанын білемін. Ол мені қуантады. Мұндай алғашқы драма жанрындағы фильм үшін, 100 пайызға сәтті шыққан«.
Айтпақшы, фильм көрермендерді соңына дейін бір деммен ұстайды. Аяқ жағында тіпті тосын сый да күтуде. Көптен бері қызықты туынды көрмеген болсаңыз, кинотеатрға асығыңыздар.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close