ЖаңалықтарӘнші

Нұрлан Албан тегін өнер мектебін ашты

Алматы қаласындағы оқушылар сарайында әнші Нұрлан Албанның 20 жылдық шығармашылығына орай «Nurlan Alban»-атты өнер студиясы ашылды деп хабарлайды Bnews.kz

Жаңа мектеп студиясының мақсаты — 7 мен 15 жас аралығындағы балаларды вокалға, актер шеберлігіне, тележүргізушілікке үйретіп, баулу.

Нұрлан Албанның мектеп студиясындағы балалар тегін оқи алады, студиядағы алғашқы 50 бала жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларындағы балалар. Студиядағы балалар арнайы кастингтен 1 ай бойы қатаң іріктеуден өткен.

Мектеп студиясында балалар толықтай 3 жыл бойы оқып шығады, өнерпаздарға Нұрлан Албан және өзге де жас әрі кәсіби мамандар сабақ беретін болады.

Нұрлан Албан: Әрбір бала талантты, 3 баланың әкесі ретінде баланың талантын ашу қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін. 20 жылдық шығармашылығына не істеуіме болады деп ойлана келе осындай мектеп ашуды жоспарладым. Қазір осындай мектептерде балаларды оқыту қиынға түсіп жатқан жасырын емес осы себептен мектеп студиямды аштым. Осы 50 баланың ішіндегі 20 бала үлкен сахнаға шықса демек мен 20 жылдық шығармашылығымды дұрыс атап өткенім.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

10 пікір

    1. Нурлай ағай сіздің мектебіңізге қалай түссем болады.Мен 6 сынып оқимын өнерге қатты қызығамын,әсіресе Сізге.Суздің мектебіңізге оқығым келеді.

  1. Салематсызба.Нұрлан сізге хабарлассам болады? Мектеп жөнінде білсем деп едім

  2. Сəлеметсізбе мен өзім музыка мектебіндегі домбыра сыныбында оқимын.Сіздің мектебіңізге барып оқығым келеді.Қазір мектепке қабылдайсыздарма? Жасым 10да домбырада 3-ші сыныппын мектепте 5-ші сыныппын Талғар қаласында тұрамын.

  3. Бәрі өнер мектебін ашып жатыр. Айналдырған 10 млн қазақтың жартысы сахнада, тойларда ән айтып жүр. Бұл не, тағы бір келген індет пе! Кадрлар жетіспейді. Жұмысты кім істейді, экономиканы кім көтереді!

  4. Сəлеметсіз бе менің 5-сыныптағы қызым, нағыз қазақтың қара сұлу қызы,қызымды кино əлеміне бергім келеді.Сіздерге қалай түсірсем болады?

  5. Сәлеметсіз бе Нурлан ?Сіздің мектебіңізге әлі де қабылдау болып жатыр ма?

  6. Салеметсізбе Нурлан аға.Сіздің мектебіңізге қалай тусуге болады.Адресін айтып жібересіздерме…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close