Жаңалықтаржоғары

«Zakova» клубының басшылары халықтан кешірім сұрады ( видео)

Алматыдағы атышулы «Zakova» клубының басшылары халықтан кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Өзін лануж-бардың заңды өкілімін деп таныстырған азамат Айжан Байзақованың әрекеті үшін өкінетінін және осы іске қатысты қызметкерлердің жаппай жазаланғанын айтты.

«Zakova» клубының басшылары халықтан кешірім сұрады.

«Мен «Zakova.bar» түңгі клубы директорының міндетін атқарушысы, заңды өкілімін. Біздің лаундж-барда болған оқиға қоғамда үлкен дау туғызғаны үшін Қазақстан халқының әрбір азаматының алдында кешірім сұраймын. Осы кеште ұйымдастырылған коркурсқа қатысы бар деген қызметкерлер жұмыстан шығарылды. Атап айтар болсам, МС Кука мен жарнама-менеджерлері. Айжан Байзақовамен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ендігәрі мұндай оқиға қайталанбайды және басқа да ойын-сауық орталықтары осындай бассыздыққа жол бермей, біздің қателігіміз оларға сабақ болады деп сенемін. Сондай-ақ, Алмалы аудандық полициясы тарапынан біздің әкімішлікке айыппұл салынғанын хабарлаймын. Тағы да Қазақстан халқының алдында кешірім сұраймын. Біз тұрғындардың намысына тиеміз деп ойлаған жоқпыз» деген видео youtube желісінде пайда болды.

Естеріңізге сала кетсек, ғаламтор жұлдызы Айжан Байзақова «Zakova.bar» клубында қыздар арасында 50 мың теңге үшін шешіну ойынын ұйымдастырғаны халықтың ашуына тиген болатын. Артынша атышулы блогер сот шешімімен үш күнге қамауға алынып, Instagram-дағы парақшасын өшірді. Тіпті түңгі клубтағы қылығына бола оны белгісіз біреулер соққыға да жыққан

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close