Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

«Астана» ФК Чемпиондар лигасына жолдама алды!

Кеше түнде Чемпиондар Лигасының іріктеу раундының соңғы ойынында кипрлік «АПОЭЛ» клубымен кездескен Астана 1:1 есебімен тең түсіп, екі ойын бойынша Чемпиондар Лигасына жолдама алды.  Тамыздың 18-і күні өткен бірінші ойында Астана бір гол  салған еді…

Ал бүгінгі жеңіс — қазақ футболының тарихында алтын әріппен жазылатын жеңіс! Өйткені қазақ клубтары бұрын-соңды бұл турнирге жолдама алмаған еді. Енді білікті бапкер Станимир Стойлов шәкірттері Еуропаның, қала берді әлемнің ең мықты клубтарына қарсы ойнайтын болады.


P.s. Сонымен қатар бүгін маңыздылығы жағынан ЧЛ-дан кейінгі орындағы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өту мүмкіндігіне алматылық «Қайрат» клубы да қол жеткізуі ғажап емес. Бірінші ойында франциялық «Бордомен» өткен ойында минимальді 1-0 есебімен жеңіліп қайтқан болатын. Алайда өз алаңында намысты қолдан бермесі анық. Астананың жолын берсін деп тілейміз! Ойын кешкі сағат 20:35 те басталады. Қазақстан ҰТА тікелей эфирде көрсетеді деп күтілуде.

Қазақ футболына баршамыз қолдау көрсетейік!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close