АфишаБасты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Семейде балуандар мен әншілер футбол ойнайды

Қазақ футболының отаны Семей қаласында үлкен футбол тойы өтпек.  Шығыстан шыққан спорт қайраткерлері өнер көрсететін «Шығыс батырлары» командасы еліміздегі шоубиз өкілдерінен құралған «Алатау» футбол клубымен достық кездесу өткізеді.

«Семей-шоу» продакшн ұйымдастырып отырған дүбірге толы мереке Семейде тұңғыш ұйымдастырылып отыр. Құрамында «Қазақстан барыстары» Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров және Қазақстан Барысының» жүлдегері Шалқар Жоламанов ойнайтын «Шығыс батырлары» командасын қазақ спортының қайраткері Дәулет Тұрлыханов бастап шықпақ. Ал өнерпаздар өнер көрсететін «Алатау» футбол командасы еліміздегі шоубиз өкілдері ойнайтын бірден-бір клуб екені бәріне белгілі. Ойын 29 тамыз, кешкі сағат 19:00-де Орталық «Спартак» стадионында басталады. Шараның соңы әншілердің үлкен гала-концертіне жалғасады деп күтілуде.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close