ЖаңалықтарКино & Театр

Нұртас Адамбаев тағы да психологиялық триллер түсірмек

Белгілі кинорежиссер әрі актер тағы бір жаңа фильмнің түсірілімін бастамақ. Режиссердің бұл жолғы фильмі де психологиялық триллер жанрында болмақ.

Фильмнің түсірілімі осы жылдың ақпан айында түсірілмек, режиссер фильмнің терең ойлы болатынына сенімді.

«Бұл фильмнің алдында көп ойландым, тіпті шығармай ақ қойсам ба деген де ой болды, бірақ ойымнан айнымай «Лифт» атты фильм шығаруды көздеп отырмын. Бұл жолы фильмде өзім ойнамаймын, бірақ түсірілім алаңында әлбетте өзім боламын. Сондай-ақ «Мен тоқалмын» атты жаңа комедияны түсірімекпіз, ол фильмнің түсірілім жазда болады. Шыны керек комедияны сағынып қалдым, мен үшін драма жұмыс, ал комедия демалыс» — дейді режиссер.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close