Жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Ату жазасын енгізу керек

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева балаларды қорлайтын, зорлайтын және өлтіруге дейін апаратын қылмыскерлерді ату жазасына кесуді сұрады.

Айнұр Тұрсынбаева денесі табылған 11 жастағы жеткіншек жайлы жүрегі ауырып, қазіргі таңда қорлық көріп жүрген балалар жайында өз ойын жеткізді.

«Мына Азамат деген балапанды жоғалтып кетіпті деп 3-4 күн бұрын салған едім… Бүгін денесі табылыпты…  Және азаптап өлтірген күдікті ретінде өгей шешесі ұсталып отыр… Қарғыс атқыр қанішерді атып тастау керек қой… Бұл не деген масқара?! Тәуелсіз елміз деп бөркіміз қазандай болады, ұрпағымызды қорғай алмайтын мемлекетте тұрып жатырмыз ба сонда?! Жалпы балаға қол көтерген, жыныстық қатынасқа сүйреген, азаптаған айуандарды ату жазасына кесетін заң шығару керек» — дейді айтыскер ақын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close