Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыӘнші

Ораза тұтқан қазақ эстрадасының жұлдыздары

КЗ» тобының бұрынғы әнші Бейбіт Құшқалиев осыдан бес жыл бұрын сахнада ән салып, секеңдеп би билеуді «харам» деп санап, шоу-бизнесті біржолата тастап кеткен болатын. Алайда, шетелде оқып келгеннен кейін 3 жыл бойы бос жатқан, әнші тіпті өзінің бастапқы мамандығы мұнай саласына да араласқысы келіпті. Бірақ, одан да түк шықпаған.

Бүгінде, әнші өнерін қайта шыңдап, заманауи бағыттағы әндерін бірінен кейін бірін көрерменге ұсынып жүр.

Кейінгі кездері әншінің өнерге деген көзқарасы өзгерген.

Осы аптада күллі мұсылман үшін қасиетті мереке Рамазан айы басталды. Айлардың сұлтаны саналатын Рамазан алтыншы маусымда басталып, 4 шілдеге дейін жалғасады. Осы аралықта мұсылман баласы 29 күн ауыз бекітеді.

Бейбіт ауыз бекітіп, намаз оқуды бала кезден ата -анасынан, әжесінен үйренген. Ораза ұстауға ниет еткен жандар осы айда Жаратқанның мол сауабына кенеледі дейді әнші.

Өнер адамдарының соңғы уақытта жаппай дінге бет бұруының себептерін өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай келе жатқан Ғани мен Бота Жүнісовтар тер былай түсіндіреді.

Әнші Бота алғашында намаз оқып, Меккедегі құлшылық еткен орындарын суретке түсіріп әлеуметтік желіге салатын  әріптестерінің әрекетін еш түсіне алмапты.

Ғани мен Бота да жылдағы әдеттері бойынша, ораза ұстап ауыз бекітуде.Қасиетті жұмада дұға- тілек жасау үшін мешітке келетін әдеттері бар. Ғалымдардың айтуы бойынша сауабы мол ораза айының маусым, шілде айларына тап келуі 33 жылда бір қайталанады екен. Сондай- ақ биылғы жылдың пітір садақасының мөлшері де белгілі болды.

МузАрт тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов әріптестері Мейрамбек Бесбаев, Нұрлан Абдуллин, Абай Бегей сынды Меккеге барып, бес уақыт намаз оқымаса да, жыл сайын Қасиетті Рамазан айын асыға күтіп, ауыз бекітеді екен.

Жаздың аптаған ыстығына қарамастан биыл ораза тұтқан барша жамағатқа Оразаларыңыз қабыл болсын деп тілейміз.

Дереккөз: 31.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close