Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыКино & ТеатрСараптамалар

Қыздардың жүрегін жаулап алған үздік Түрік актерлері!

Бірнеше жылдан бері түрік сериалдары барша қазақ көрермендерінің жүрегін жаулап алғаны белгілі, ал түрік актерлері қыздарды баурап алды, осы себептен назарларыңызға ең үздік Түрік актерлерін ұсынамыз!

                                                                                                           Юсуф Чим

Yusuf-Cim-Fotograf-3-2
Фото: en.yeni.mobi

Түрік актері, әнші әрі модель. Актер былтыр ең жоғары рейтингке ие болған «Құлпынай иісі» атты телехикаяда басты рөлдердің бірін сомдаған болатын. Актер 1991 жылдың 26 қыркүйегінде Түркияның Стамбул қаласында дүниеге келген, ол үш баладан кейінгі үйдің кенжесі. Актер 2009 жылдан бастап жарнамаларға түсе бастады, кино әлеміне келгеніне көп болмады, ең алғаш 2014 жылы «Езра» атты фильмінде полицейдің рөлін сомдаған. Актер қазіргі таңда «Ауыл ханымы» атты телехикаяда басты рөлдің бірін сомдап жатыр, телехикая Түркияның «Star tv» арнасында көрсетілуде.

                                                                                                               Бурак Өзчивит

burak-ozcivit-1-5-milyon-dolara-reklam-yuzu-oldu-7947020_x_459_o

«Сұлтан Сүлейман» телехикаясында Малкочоғлы Бали Бей рөлі арқылы танылған Бурак Өзчивит Түркияның Стамбул қаласында 24 желтоқсан 1984 жылы дүниеге келген. 2003 жылдан 2007 жылға дейін модельдік бизнесте жұмыс істеген. 2003 жылы «Түркияның үздік моделі» жүлдесін жеңіп алса, ал 2005 жылы «Әлемнің үздік моделі» байқауында екінші орынды иеленді. 2006 жылдан бастап, кино және телевизия саласында жұмыс істейді. «Сұлтан Сүлеймен» және « Королёк — птичка певчая» сериалдарындағы рөлдері Өзчивитке бүкіләлемдік танымалдылық алып берді. Актер көптен бері танымал актриса Фахрие Эвдженмен кездесіп жүргені баршаға аян.

                                                                                                         Қыванч Татлытуғ

Фото: fuckyeahkivanc-tatlitug.tumblr.com
Фото: fuckyeahkivanc-tatlitug.tumblr.com

Бұл актер де киноға келмей тұрып, модельдік бизнеспен айналысқан, 2002 жылы Түркияның ең үздік моделі атанса, сол жылы Әлемнің ең үздік моделі атанған. Кино әлеміне 2005 жылы келді, сол жылы актер «Гюмюш», «Менкше мен Халил» телехикаяларында және «Америкалықтар Қара теңізде — 2» фильмінде басты рөлдерді сомдаған. Қыванч Татлытуғ қазақ көрермендеріне «Мезгілсіз сезім» телехикаясы арқылы танылды, телехикаяда актер Бехлюль рөлін сәтті алып шыққан болатын. Актер 2013 жылы стилист Башак Дизермен танысып, 2015 жылы некелерін қиды.

                                                                                                     Энгин Акюрек

Фото: www.listal.com
Фото: www.listal.com

Түрік актері әрі модель, 1981 жылы Түркияның Анкара қаласында дүниеге келген. Актер ең алғаш «Түркия жұлдыздары» шоуында көрінді, бағдарлама аяқталғаннан кейін актер «Шетелдік күйеу бала» атты телехикаяға шақырылды, осы телехикаядан соң актердің жұлдызы жанып, бірнеше фильмдер мен телехикаяларға түсіп көптеген қыздардың арманына айналды.

                                                                                                       Мұрат Йылдырым

KAÇAN ADAM (ALİ GÖÇ/KAYSERİ-İHA)
Фото: www.iha.com.tr

Танымал актер әрі модель, 1979 жылы Түркияның Конья қаласында туған. Кино әлеміне 2004 жылы келді, «Большая ложь» телехикаясында кішігірім рөлдердің бірін сомдаған болатын, бұл телехикая көрермендердің көңілінен шыққан телехикая. Актер қазақ көрермендеріне «Аси» телехикаясы арқылы да таныс. 2008 жылы актер. актриса Бурчин Терзиоглумен шаңырақ көтерді, жұлдызды жұп «Буря» телехикаясының түсірілімінде танысқан болатын, жұп 2014 жылға дейін бірге тұрып, 2014 жылы заңды түрде ажырасты. Ажырасутың себебін актер былай түсіндірді «Осы уақытқа дейін мен басқа біреулер үшін өмір сүрдім, ажырасқаннан кейін өзім үшін өмір сүріп жатырмын»-деп актер қысқа қайырды. Мұраттың қазір көңіл қосып жүрген сүйіктісі жоқ.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

4 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close