Жаңалықтаржоғары

Сақал қойған “Күлпәш”: бетімдегі жүнді әңгіме қылдыңыздар…

Актер Берік Тұрсынбеков халық алдында ер азаматтан бұрын келін Күлпәш  ретінде жақсы танымал. Ел ағасының жасына жеткен актер сақал қойып, жұрттың сынына қалды. Өзін жат ағымның жетегінде кеткен, сақалды насихаттама дегендерге актердің өзі жауап берді.

Мұрт қойсам жеген тамағыма қыл араласып кедергі жасайды. Одан бұрын ерінді жыбырлатып келеңсіздік тудырады. Әйтпесе, оны да көрдім. мен өз бойымдағы қайдағы бір жүн үшін неге ақталуым керек? Осы сөздеріңізге сырттан қараңыздаршы. Білімсіз халық сақал мұртты әңгіме қылады деп күлмейді ме ойы озық елдер.Қоғам,саясат жайлы әңгіме етудің орнына жүн туралы сөйлесеміз ба енді бір-бірімізбен”,-дейді актер.

Актердің сөзінше сақалы үшін өзін сынаған халықтың түсінігі төмен екен. Бұл жайлы Stan.kz жазылды.

Ол өз сөзінде Әбуханифа масхабында екенін де айтқан. Актердың  көрермендері оған дін туралы сұрақ жаудырып мазасын алса керек, оның жауаптарынан ашуға булыққанын да байқауға болады.

Сізге мына сақал мүлде жараспайды”,“Міне нағыз ер адамға ұқсадыңыз. Біз сізді тек әйел бейнесінде көріп үйреніп қалыппыз”. “Аға мына сақалыңызды ала салыңызшы, түк те жараспайды. Одан қалса пейілі бұзық адамдарға ұқсап қалдыңыз” — деген сынды көптеген пікірлер жазылды.

Онымен қоса, актердің өзі инста-парақшасында: Біреулер өзімді,біреулер өмірімді,енді біреулер беттегі жүнді əңгіме қылыңыздар. Ал енді өнер жайлы сын айтатындар басқаша…- дейді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close