Жаңалықтаржоғары

Ақбота Керімбекова күйеуімен бірге отбасылық дуэт құрды

Отандық әншілеріміздің қатарында отбасылық: Қарақат пен Қыдырәлі, Жанболат пен Жазира, Бүркіт пен Аиша, Тоқтар мен Бейбіт сынды дуэттер тізімін Ақбота Керімбекова мен оның жары Рауан Дәулетов толықтырмақ. Иә, әнші Ақбота күйеуімен бірге дуэт жаздырды.

Ақбота мен күйеуі Рауанның орындауындағы ән “Бақытты болу жай ғана” деп аталады. Жаңа әнін Индира Елубаева, ал сөзін Мақсат Дауылбай мен Индира Елубаева бірлесіп жазған. Ол жайлы әншінің өзі желідегі парақшасында жазды. Одан алдын ғашықтардың «Сүйемін сені» атты әндері де жарыққа шыққан болатын.

Естеріңізде болса, өзінен 8 жасқа кіші азаматқа тұрмысқа шыққан соң, Ақбота Керімбекова тегін Дәулетова деп өзгертетінін айтқан еді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close