Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоумен & ТұлғаӘнші

Қайрат Нұртас халықты шулатқан видеоға қарсы түсініктеме берді

Танымал әнші Қайрат Нұртастың даладағы мұздай суға түскен ғаламтордағы видеосын көпшілік кешеден бері қызу талқылап жатыр. Әншінің инстаграм желісіндегі парақшасына видеоның салынуы православтардың шоқыну мерекесімен сәйкес келіп, дауды тіптен ушықтырып жіберді. Ал, белгілі бір діни көзқарасы бар азаматтардың өзге дін жоралғыларына қатысуы шариғатта қаншалықты құпталады?

Инстаграм парақшасында 860 мың оқырманы бар Қайрат Нұртас соңғы уақытта еліміздің солтүстік өңірінде өткізген демалыс күндерінен алған әсерімен бөліскен. Салынған суреттер оның жылқы мініп, жүйткіген қар мәшинесімен аңға да  шыққанын аңғартты. Православтардың шоқындыру мерекесі қарсаңында аязды күні суық суға түсіп, екі рет басын малғанына қарап көпшілік Қайрат діни көзқарасын өзгерткен бе деп сөге жөнелді.

22 сағаттың ішінде видеоны 20 мың ұнатып, 1000-ға жуық пікір жазылған. Оқырмандардың ойы бір-біріне қарама-қайшы. Алматылықтар да бұл жағдайды қалт жібермепті.

Алайда әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Қайрат Қостанайға халал тойға барып, артынан достары қонақ етіп, моншаға шақырған. Өзі де бұл суға түсудің діни көзқарасына ешқандай қатысы жоқтығын мәлімдеп, тыңдармандарын сабырға шақырды.

ҚАЙРАТ НҰРТАС, әнші:

«Бауырлар, бұл әркетімнен ешқандай өзге дінге тән астар іздемесеңіздер де болады! Барлығы ниетке байланысты, Әльxамдулилляx мұсылманмын! Басқа дін өкілдеріне ұқсайын деген ниетте де түскенім жоқ суға!»

Ал белгілі дінтанушы Алау Әділбаев православ мерекесі негізінен дінге қабылдау күні екенін айтады. Ал білместікпен немесе деннің саулығы үшін суға түскендердің жөні басқа. Сол себепті барлығы шоқындыру рәсіміне барғандардың ниетіне байланысты.

АЛАУ ӘДІЛБАЕВ, дінтанушы:

— Күнәдан арыламын, сондай бір қасиетті күн деп сенетін болса, бұл  ислам дінінің сенімдеріне қайшы. Яхудилерге еліктеп, хрисиандарға еліктеп, солардың істегінін жасап, солардың сенімдері бойынша сенетін болса солардың қатарынан деп есептелінеді деген.

Сондай-ақ, әрбір азамат басқа дін өкілі мен оның ғұрпына құрметпен қарау керек дейді дінтанушы.

Манас Қайыртайұлы, Думан Сүлейменов.

Дереккөз: http://31.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close