Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоумен & ТұлғаӘнші

Әнші Бүркіт екінші ұлына сахабаның есімін қойды

20160120065453

Әнші Бүркіт жақында өмірге келген сәбиіне Омар деп ат қойды, — деп хабарлайды Baistars.kz.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. Бұл есімді әншінің әкесі таңдапты.

«Ал, құрметті ағайын, достар, жерлестер! Атасы азан шақырып, немересінің есімін Омар деп қойды. Екінші ұлымның есімі Омар Бекжігіт. Алла разы болсын! Дені сау үлкен азамат болып өссін. Елінің сүйікті ұлы болсын! Атсалысқан достарға үлкен алғысым! Сіздер барда біз бақыттымыз, халқым», — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын әнші Бүркіт пен оның жұбайы Аиша екінші рет ұлды болды. Жұптың бұдан өзге Зеиін есімді ұлдары бар.

Дереккөз: http://inform.kz/kaz/article/2861779

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close