Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Балғынбек Имаш: Бес ұлыма өзім үлгі болмасам кімге қарап бой түзейді?

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Дәл басу» ойынын дәріптеген айтыскер Балғынбек Имаш 120 келі қошқарды мойнымен арқалап, ұзын бөрененің үстінен жүріп өткен суретін желідегі парақшасына жариялап, жұртты таңқалдырды.

«Мынау «Дәл басу» деген ұлттық ойын. Мойныңа салмағы 100 келіден асатын қошқарды салып алып, ұзын бөрененің үстінен жүріп өту керек. Қошқардың салмағымен теппе-теңдікті сақтай отырып, енді жүре бастасаң, ол ышқынып қозғалады, секірмек болады, яғни, тепе-теңдікті сақтап мәреге жету — жігіттің жігітіне ғана бұйырады (маған бұйырмады). Көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату сияқты — бұл ойында жауынгерлікке, мықтылыққа, ептілікке, батырлыққа тәрбиелейді.  
Бес ұлдың әкесі болғандықтан ұлдарымның нағыз ер мінезді, балуан білекті, батыр жүректі болуын қалаймын, енді оларға өзім үлгі болмасам кімге қарап бой түзейді?» — дейді ақын.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close