Жаңалықтаржоғары

«Жезөкшелерді қамшымен сабадым», — деп мақтанған бүгінгінің батыры Ахмадиев тағы сын астында қалды

Өзін бүгінгі заманның жырауы деп санайтын репэр Жан Ахмадиевтің Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабаған видеосы қазнетте тез таралды. Осы әрекетінен кейін тәнін саудаға салатын қыздар азаяр деген мақсатты ұстанған Ахмадиевтің ісін желідегі қолданушылар  “хайп” үшін жасағанын алға тартады.

“Бұрынғы батырларымыз жерді жаудан қорғаса, бүгінгінің баырлары жезөкшелерді қамшымен сабап жүр. Және сол “ерлігін” камераға түсіріп, жариялайды. Ең сорақысы – мұндай жабайылықты көпшіліктің қолдағаны. Қоғамның сипаты – осындай. Құқық қорғау органдары  бұл жағдайды жай қалдырмай, пікір білдіреді деп үміттенем”, – деген продюсер Баян Мақсатқызының пікірімен көпшілігі келісе,

«Онсыз да ерлер әйел адамдарын сабап, қол көтеруден қаншама нәзік жандылар көз жұмып, бұл зорлықты тоқтата алмай жүргенде, үйреткені осы болғаны ма?» — деп қынжылды.

«Әлі жетсе неге қаптап жүрген ұрлықшыларды, бала зорлаған педофилдерді сабамайды? Себебі, әлінің жететіні тек әйелдер!» — деген пікірлермен Жанды қолдаған оқырмандарға реніштерін жеткізді.

Ал кейбірі,  Ахмадиевтің әрекетін қолдап:

«Жеңіл жүрістілерді жөнге салу керек. Ер адамдар қыздарды жөнге салса, бұл кәсіп азаяр еді” — деп пікір қалдыруда.

Ал сіз, біздің оқырман, ойлары екіге бөлінген қоғамның қай пікірімен келісесіз?

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close