Жаңалықтаржоғары

Төлеген Мұхамеджанов: Димаш қытайлардың қазақтар туралы пікірін өзгертті

Төлеген Мұхамеджанов: Димаш қытайлардың қазақтар туралы пікірін өзгертті. Оның айтуынша, Димаш қазір Қытайда нөмір бірінші әншіге айналды.

Еуразия халықтары ассамблеясы бас хатшысының орынбасары Төлеген Мұхамеджанов Cанкт-Петербургте өткен халықаралық форумда Димаштың қазақтар туралы қытайлардың пікірін қалай өзгерткенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Біздің әншіміз 23 жастағы Димаш Құдайберген қазір Қытайда нөмір бірінші әнші. Қытайлар әркез бізге қазақтарға жоғарыдан қарайтын. Тіпті олардың бастауыш сыныптардағы картасында Қазақстан аумағы Қытайға кіріп кеткен.

Мінеки, қазір енді біздің жігіт жарқ етіп, нөмір бірінші «қытайға» айналды десек артық айтпаспыз. Оны Қытайда жақсы көреді, Димаш арқылы біздің елімізді танып-біліп жатыр. Бізді бұрынғыдан бетер сыйлап, тілімізді түсіне бастады. Өйткені Димаш қазақ тілінде де ән айтып жүр», — деді Төлеген Мұхамеджанов.

Халықаралық мәдени қауымдастықтың президенті еуразия континентіндегі елдер бір-бірімен байланысын үзбеу қажеттігін ерекше атап өтті.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close