Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

«Ана жүрегі» телехикаясының тұсаукесері

«Хабар» арнасында 14 қарашадан бастап, көрерменге GG cinema (Гүлбаршын Зайырова, Гүлнұр Мамасарипова) продюсерлік еткен,  «Ана жүрегі» деп аталатын телехикая жол тартпақ. Тұсауы ресми түрде бүгін кесілген телехикаяның желісі бойынша, әлеуметтік драма қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларын қамтыған. Отбасы құндылықтарынан бастап, ананың үйдегі һәм қоғамдағы роліне дейін айтылған. Сериал ана болмысынан сыр шертеді дейді Хабар арнасының ресми сайтында.

Сценарий авторы: белгілі продюсер, журналист Гүлнұр Мамасарипова. Қоғамның өзегінен өтетін туынды түсіруге тек үздік актерлерді жұмылдырды. Олар сценарийді оқыған сәттен жүректері елжірегенін айтады.  Айта кету керек, оқиға желісі шынайы өмірден алынған.
Сериалда белгілі  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекназар-Ханинга сынды мықты актерлермен қатар,  жас заманауи әнші — Ziruza, журналист, тележүргізуші — Нұрсұлтан Есжан да бой көрсетеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close