Жаңалықтаржоғары

2017 жылы жарық көрген отандық кинофильмдер

17 қаңтарда белгілі тележүргізуші әрі модель Екатерина Краснованың алғашқы туындысы «В сетях» («Желіде») фильмі көрермендер назарына ұсынылды. Драма жанрында түсірілген фильм жайлы толығырақ баяндаған Екатерина ханымның сөзіне сүйенсек:

«Кино қазіргі заманға сай етіп түсірілген. Біздің болмысымыздың қаншалықты эгоистікке тұнып тұрғанын, қаншалықты тек өзімізді ойлайтынымызды, өзгелерге қарым-қатынасымыздың бұрыс екенін көрсетеді. Көп уақытты сценарий жазу алды. Оны 8 ай көлемінде дайындаған болатынмын. Юлия Хазиахметова диалогтарды жөндеп, туындыны 9 күнде түсірдік

Басты рөлдерде: Айсұлу Азимбаева, Санжар Мадиев, Дианар Бақтыбаева.

Сәуірдің 12-нші жұлдызында кинотеатрларға «Оралман из Питера» кинокартинасы ұсынылған болатын. Көрермен көзайымына айналған бұл фильмнің продюссері белгілі композитор Арман Дүйсенов болатын. Режисерлік қызметті Ален Ниязбеков сомдап, туынды үш музыканттың оқиғасынан сыр шертеді. Сценарий желісі бойынша үшеуі ауылдағы бір кештерге музыкалық жабдықтар әкелмек мақсатында қалаға аттанады. Бірақ, үлкен шаһар оларды құшақ жая қарсы алмайды. Киноның басты қызықты тұстары да осы қалада орын алатын оқиғаларда еді.

Басты рөлдерде: Қуандык Шакиржанов, Асан Мажит, Динара Бақтыбаева, Дина Тасбулатова, Дәурен Айдарқұлов.

Қосалқы рөлдерде: Ерик Жолжаксынов, Луина, Мукасан Шахзадаев, Сафуан Шаймерденов.

Көрермен назарына іліккен тағы бір Отандық фильм «Бір сен үшін» 27 сәуірде шыққан болатын. Туындының продюссері әрі басты кейіпкері рөлін елімізге белгілі актер Азамат Сатыбалды орындады. Одан бөлек картинадан Зарина Кәрмен, Еркебұлан Дайыров, Оразхан Кенебаев, Айжан Байзақованы да көруге болады. Жалпы фильм жайлы сөз қозғаған Азамат Сатыбалды:

«Әлеуметтік мәселелерді зерттей келе, статистикаға сәйкес Қазақстан отбасылық ажырасу жағынан әлемдік рейтингте 17 орында тұрғанын білдім. Ажырасудың басты себептерінің бірі балалардың жоқтығы болып шықты. Көптеген жанұялар денсаулықтарына байланысты балалы бола алмай жатады. Соның салдарынан үміт пен сенім, махаббат пен төзім жоғалып, асығыс қадамға барады. Осы мәселе фильмнің негізгі арқауына айналды. «Бір сен үшін» — менің алғашқы продюсерлік жобам»,-деп оқиға желісінен ақпарат берді.

Режиссері: Ардақ Төлеубаев

Жайдары жаздың алғашқы айы, маусымның 15-і көрермендерге «Мажоры» фильмі жол тартты. Бас продюссер – Анар Рүстемова, режиссер және сценарист – Жәнібек Гусманов, қоюшы режиссер – Еркен Губашев. Фильм қазіргі заманда «мажор» деген лақап атпен барлығына таныс жоғарғы тап өкілдерінің бойжеткендері мен бозбалалар өмірінен сыр шертеді.

Басты рөлдерде: Марсель Махмуди, Айым Сейтметова, Ануар Талғатов, Баяхтияр Байсерік.

2017 жылғы кинокартиналар Эмир Байгазиннің «Река» атты туындысының соңғы бөлігімен толықты. Оқиға желісі Аслан атты жасөспірім баланың өмірі туралы өрбиді. Әкесінің қатал тәрбиесінен өткен ол өте батыл жігіт боп ер жетіп, өзінің артынан ерген 4 інісіне үлгі бола біледі. Киноның басты көздеген мақсаты, осы жолға жету барысындағы Асланның және жалпы жасөспірімдердің алдарынан кездесетін қиындықтар мен ішкі қарама-қайшылықтары туралы елге баяндау.

Атап айтар болсақ, фильмнің режиссері Эмир Байгазин Қазақстандық режиссёрлер ішінде халықаралық Берлин кинофестивальіне қатысқан алғашқы режиссер. Әрі ол қатысып қана қоймай, 2013 жылы оның тырнақалды туындысы «Уроки Гармонии» «Серебряная медведь» жүлдесін алған еді. Туынды жалпы есепте 25 жүлдені қанжығалап, 50 кинофестивальге қатысу мәртебесіне ие болған еді.

Жаздың соңғы айы еліміздің біршама көрермендері үшін ыстық өтті десем, қателеспеген болармын. Өйткені, тамыздың 24-інші жұлдызында қазіргі заманауи әуеннің жаршысы, Q-pop бағытын насихаттаушылар әрі миллионның көзайымы болған «91» тобының төл туындысы «91» фильмі жарыққа шықты.

Кино желісі аталмыш топ мүшелерінің қазақ эстрадасына сіңісу барысындағы қиындықтарын суреттейді.

Басты рөлдерді топ мүшелері өздері сомдаса, кинокартинаның режиссері Асқар Ұзабаев.

12 қазанда елді біраз шулатып, көрерменнің көзіне ұзақ уақытқа сақталған «Арман» атты фильм шыққан болатын. Бар халықтың талқыға салынуының себебі фильмде еліміздің ең үздік әншілерінің бірі Қайрат Нұртас және оның жұбайы Жұлдыз Абдукаримованың басты рөлдерді сомдауы болды. Бірақ, бұл жалғыз себеп емес, өйткені, фильмде

Қоғамда орын алып отырған әділетсіздік, парақорлық пен құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық жайлы бүкпесіз суреттелген.

Режиссері: Рашид Сүлейменов

Алдыңғы көркем фильм тізбегі 19 қазанда шыққан Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменовтың «Біздің қаланың ханзадасы» атты туындысымен жалғасты. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының кезекті картинасы 6 жасар жетімдер үйінің Бибол есімді бүлдіршін мен

Музыкант Қасымханның арасында өрбиді. Олардың таныстығы кездейсоқ болғанмен, достығы тағдырдың жазғаны дерсің. Өйткені, ол достық айырылмас бауыр басуға бастайды. Қасымханмен таныс болған Бибол сол арқылы нағыз бақытқа тек адами құндылықтар мен ішкі болмыстық қасиеттер арқылы ғана жетуге болатынын түсінеді.

Басты рөлдерде: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбай және жас актер Ануар Төлеуғажы.

Көпті өзінің режиссерлік білігімен таңқалдырып жүрген Ақан Сатаев осы жылдың күзінде көрерменге «Она» атты фильмді ұсынды. Психологиялық жанрда түсірілген туындының басты рөліндегі кейіпкер реалды өмірден ада, өз әлемінде өмір сүреді. Оның жалғыздығын қызы ғана бөліседі. Алайда, қашанға дейін өзіңді алдауға болады? Ерте ме, кеш пе құпия бәрібір ашылды.

Басты рөлдерде Айсұлу Әзімбаева мен Анастасия Восторова есімді жас актриса сомдайды.

26 қазан күні көрерменге жол тартқан «Брак или брат» фильмін атап өтпеуге де болмас. Өйткені, отбасылық қарым-қатынастарды баяндайтын бұл туынды өз ағаларының аса ыстық қамқорлықтарында өскен бойжеткеннің болашақ жарын таңдаудағы кездескен қиындығы туралы. Комедия жанрында түсірілген фильмнің басты рөлдерін Әбунасыр Серіков, Олжас Жанабеко, Нұрлан Сабыров, Мұрат Бисенбин, Бауыржан Қаптағай, Құралай Анарбекова., Дәурен Серғазин сомдайды. Құралай Анарбекованың төл туындысы.

Жылдың соңғы күндерін қызықты өткізуге 21 желтоқсанда кинотеатрларға жол тартқан «Зор» фильмі көмектесе алады. BN тобының мүшелері басты рөлді сомдаған бұл туынды спорт саласындағы жастардың өмірлерінен сыр шертеді. Бас кейіпкер – бокстан өз аймағының жеңімпазы, жаңа белестерді бағындырып келе жатырған бозбала. Жақында өмірінде пайда болған бойжеткенге ғашық боп, құдды ертегідей күй кешіп жүрген оның өмірі биіктен төменге қарай құлдырай бастайды.

Басты рөлдерде: Айдын Жұмахан, Адина Бажан, Еркебұлан Тоқтар, Альбина Болатқызы, Әлішер Әскербек, Мария Ли.

Режиссер: Шапағат Орынбаев

Ал жылдың соңғы сәттерін «Бизнес по-казахский в Америке» фильмімен ұмытылмастай етіп өткізе аласыз. 28 желтоқсанда көрермендер көзайымына айналмақ бұл кино Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахский» фильмінің екінші бөлімі.

Кішігірім қонақ үйдің басшысы Жомарт халықаралық дәрежедегі қонақ үйлермен байланыс орнатқысы келеді. Тіпті, ойының жүзеге асуына да сәл-ақ қалып еді, бірақ, жоспары жүзеге аспай, мақсатына жету үшін Америка құрама штатарына аттанады.

Тамаша көңіл-күй сыйлайтын туынды режиссері – Жеңісхан Момышев. Сценарийін жазған – Сәбит Рахимбаев. Басты рөлдерде: Нұрлан Қоянбаев, Қажет Смағұлов, Жан Байжанбаев, Рамазан Амантай, Гүлнәз Жоланова.

 

ЕСКЕРТУ! БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН! АҚПАРАТТЫ КӨШІРІП БАСУ ҮШІН САЙТТАН РЕСМИ РҰҚСАТ АЛУ КЕРЕК!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close