Жаңалықтар

Бибігүл Дәулетбекқызы: “Мазаламаңдар мені…Мені баяғыда ұмытқан”-деп ренішпен өмірден кетті Төлеген…

«Жібек» деп соққан қайран жүрек тоқтады. Қазақ елі Төлегенінен айырылды. 1970 жылы «Қыз Жібек» фильміне түскен Құман ағамыз небәрі 25 жастағы жігіт еді. Талай қыздарды өзіне ғашық еткен актёрдің жұдырықтай жүрегі тек өз Жібегіне ғана дүрсілдеп соқты. Сол жүрек те 17 желтоқсанда тоқтады. Қыстың қыңылтыр аязы қытымыр мінезін көрсеткендей бұл күні қатты суық болды. Дәл мына кинодағыдай «Қайран қазағым-ау, дүниеден алар бар еншің осы ма еді…» деп күрсініп айтқан сөзі неше күннен бері құлағымнан кетер емес.

Осы сөзді өкінішпен айтып кетті ме, кетпеді ме, ол тек Меруерт апамызға ғана аян. Мойындауымыз керек, аты аңызға айналған ағамызды көзі тірісінде бағаламадық. Кейбіреулер менсінбеді. Ортаға қоспады. Киноға шақыруды тоқтатты. Ағамыз сол үшін де қапа болып, 2007 жылы «Киноғұмыр» бағдарламасына сұхбат беруден бас тарқаны әлі есімде. «Мазаламаңдар мені…Мені баяғыда ұмытқан. Жүрегім сол кезде қан жылады. Өкініштері өте көп болды»,-дейді ол.

Сондай-ақ журналист Құман Тастанбеков дүниеден өткен соң ғана көпшіліктің күрсіністерін білдіріп, аһ ұрып жатқанын жазған.

«Енді қазір ол кісі туралы барлығы күрсініп жазып жатыр, айтып жатыр… Не пайда?! Неге біз көзі тірі кезінде барымызды бағаламай, көзі кеткенде «аһ» ұрамыз, айтыңыздаршы?! Неге…неге…?! Ағажан, жатқан жеріңіз жайлы болсын! Сіздің есіміңіз мәңгілік есте қалады. Сіз — аңыз адамсыз. Сіз — жүз жылда бір рет қана келетін тұлғасыз. Кинода ғана емес, өмірде де «Жібек» деп соққан жүрегіңіз де тоқтады-ау ақыры… Мен бүгін Сіздің кинодағы Бекежанға айтқан ақырғы сөзіңізді мына ұрпаққа ескерту ретінде айтқым келеді. Қайран Қазағым-ау, дүниеден алар бар еншің осы ма еді…Меруерт апамызға сабыр берсін!

Кеше ғана Астанадан келіп, енді есімді жидым. Смартфонмен жазу мүмкін емес. Алтындай ағамызды суретін қойып, өтірік мүләйімсіп жаза салғым келмеді. Кейінгі ұрпақ ағамызды білмеуі де мүмкін. Сол үшін фильмді көшіріп, монтаждап қиып әдейі алдарыңызға жариялап отырмын. Кеш жазды деп ренжи көрмеңіздер»,— деп жазған Бибігүл желідегі парақшасында.

 

https://www.instagram.com/p/Bc5DPEvgrex/?taken-by=bibiguldauletbek

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close