Жаңалықтаржоғары

Мәди Рымбаев: Әли Оқаповпен салыстырмаса екен деймін

Қазақ примадоннасының кенже ұлы Мәди Рымбаев халықтың көз алдында өсіп келеді. Бала күнінен сахнаның артында күтіп, дауыс жазу студиясында қонып, музыка әлемінде ер жеткен Мәди өсе келе отбасының жолын қуып, музыкамен айналысатынын түбегейлі шешкен көрінеді. Қазірдің өзінде жеке әнші ретінде таныла бастаған бозбала, жеке әнінің музыка авторы және өңдеуін де өз қолынан өткізеді. Мәтінін басқаға жаздырғанымен, негізі тақырыбының қандай боларына өзі бағыт сілтейді! Жас өнерпаздың жаңа туындыға шабытын оятқан ерекше жан кім болды екен?! Оған Мәдидің өзі НТК арнасының Ревю бағдарламасына берген сұхбатында айта кетті.

Мәди Рымбаев, әнші:

Біреуге арнап жазудың қажеті жоқ менің ойымша. Енді, болашақта кездестірермін сол бір жанды. Қыздар енді болады звондайды, жасырын нөмірден. Дайректті міндетті түрде тексеремін. Әрқашанда жауап беремін.

Бала махаббаттың ғана дәмін татқан бозбаланы, бүгінде өзге дүние толғандырады. Актерлық мамандыққа машықтануды көздеп жүр. Келешегімнен үмітті әншімін дегенімен, оны 13 жыл музыка мектебінде білім алу мен бір сарындылық жалықтырғанын айтады. 

Спонсорым әрине бірінші ол мамам. Мен мамаммен сөйлескенде, мамам былай айтқан: әуелі мектепті бітір, сосын өнер академиясына түс. Сосын ғана, осы шығармашылығыңмен айналыса бастайсың.

Сондықтан да, әлі күнге берде-бір бейнебаян таспалауға мүмкіндігі болмаған. Бұған қоса, жас әнші ағасы Әли Оқаповпен салыстырмаса екен деп тілейді.

Әлидің інісі, Әлидің арқасында, мамасының арқасында деп көп айтылады. Ұқсау, еліктеу екі бөтен нәрсе. Мен ағама ешқашан еліктемеймін. Енді, дауысымыз ұқсас, енді не істейсің? Табиғат сондай.

Оның себебі, жас әнші әлі де өз образын қалыптастыру үстінде. Эстрадаға жаңа бағытта еңгісі келетінімен түсіндірді. Ал болашақтағы арманы – өнер әлемінде жеке тұлға болып қалыптасу!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close