ЖайдарманЖаңалықтар

Girls-Band құрамын ауыстыруға тура келетін 5 себеп

Герлз-бэнд құрамы жігіттер тобына қарағанда жиі ауысатыны жасырын емес. Оның басты себептерінің бірі, қыз баласының ана атануы екені айтпаса түсінікті. Дегенмен, соңғы кездері отандық қыздардан құрылған топтардың тіпті жиі ауысуы орын алуда. Оның себебі неде? Себеп түрлі болуы мүмкін. Оның бірі:

  • топта қыздардың бастарының бірікпеуі,
  • продюсермен арадағы түсініксіздік,
  • тұрмысқа шығу немесе «аяқ асты ана атанбақ» екенін кеш жариялау.
  • Ал кейде, халық алдына шығып, біраз танылған соң жеке әнші болып, жеке табыс көргісі келетін қыздардың да барын жасырмайды продюсерлер.
  • продюсердің шешімімен жеке әншіге айналу.

Елімізде қазір қыздар тобының жиі ауысуынан бөлек, үштіктен төрттікке, төртіктен қайта үштікке айналу «сәнге» айналуды. Мәселен, алтын құраммен халықта кеңінен танылған КешYOU тобы.

Алғашқы құрамы 2006 жылы құрылған. Топ құрамындағы Анель Әрінова мен Мөлдір Әуелбекова сондай-ақ Найля Заитова

2012 жылы топ құрамынан кетіп,олардың орнын Кәмшәт Жолдыбаева, Айдана Меденова мен Жанар Дұғалова басқан. Естеріңізде болса Кәмшәт пен Айдана топ құрамында бұрын өнер көрсетіп кеткенді. Араға үш жыл салып топтан Жанар Дұғалова кетіп, оның орнын Мөлдір Әуелбекова басты. 

Мөлдір топқа кірді де араға 1-ай салып қайта кетті. Осылайша топ құрамы тағы ауысып, Алматылық Жұлдыз есімді қызбен толыққанды. 2015 жылы Кешьюден екі бірдей әнші кетіп, топ түбегейлі тарқады. 2015 жылдың ортасында Балжан, Жұлдыз, Ақбота бір жарым жылға жуық жұмыс жасап, топ квартетке айналған болатын.Бірақ, белгісіз себептермен Сара Амангелді топпен қош айтысып, үштік қайта төртікке айналды.

 

Ayumi тобы. Ayumi герлз-бэнді 2011 жылы құрылды. Басында үш қыз болды: Ақназ, Әсел және Айдана. 2017 жылы Айдана топтан кетті. Бір уақытта қыздар дует болып өнер көрсетті. Таяуда топқа Сандуғаш және Назым есімді қыздар қосылды.  Продюсерлік орталыққа Rin’Go және Renzo бойз-бэндтері кіреді. Өкінішке орай, квартет продюсері топтың тарайтыны туралы ресми мәлемдеді.
Асыл тобы. 
Қазақилық пен заманауи үлгіні қатар алып жүретін топ 2008 жылы Ғалия Мұратова, Ақерке Бүркітбай, Анар Аязбаева сынды қобызда шебер ойнап қана қоймай, әнді де нақышына келтіріп айтатын қыздардан құралған болатын. Кейін Ғалия тұрмысқа шығып, орнына есімді қыз қосылған еді, қазір үштікке Ғалия қайта қосылып, топ квартетке айналды.

ЕСКЕРТУ! БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН! АҚПАРАТТЫ КӨШІРІП БАСУ ҮШІН САЙТТАН РЕСМИ РҰҚСАТ АЛУ КЕРЕК!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close