Жаңалықтаржоғары

Вайнерлер танымал болғанға дейін қалай күнкөрді?

Қазірг ақыныңнан әнші, актеріңнен вайнерлер танымал заманға айналды. Әрқайсысының инстаграм желісінде кемінде 100,000  оқырманы бар вайнерлер миллионер атанғанға дейін кім болды? Бұл жайлы вайнерлердің НКТ арнасы Ревю жаңалықтарына берген сұхбаттарынан.

Zheka Fatbelly кезінде қара жұмысшы ал, Ratbek пицца тасушы болған десем сеніңкіремеуіңіз мүмкін. Бүгінде бір-бір бизнестің құлағын ұстап, киноөндіріске де қадам басқан вайнерлер, расында да бұрын 40 мың теңге жалақыға өмір сүрген.

40 мың теңге айлық — Нағимушаның ұстаздық еткендегі табысы. Ол ағылшын тілінен мектепте сабақ берген. Бүгінде, кірісі әлдеқайда ұлғайғанын айтады. Танымалдылық оның киноөндіріске жолын ашып, бірнеше комедияның рөлін де бұйыртқан.

Нағима Ахметова, вайнер:

– Жақсы табыс, барлық жерде таниды. Қайда барғың келсе, сонда жолыңды ашуға болады. Политика болса, бірақ маған ол керек емес… Модельдік бизнес болса кетіп қалуға болады. Мен өзім үшін киноны аштым.

Нағимушамен бірге киноәлеміне қадам басқан Ратбек Байенов те, кезінде арланбай-ақ түрлі іспен еңбектеніп нанын тапқан.

Ратбек Байенов, вайнер:

– Пиццаны доставлять етіп жүрдім. Ол кезде ойламаппын осылай интервью алып тұрады деп менен. Ол кезде айына бір 90 мың ғой.

Жеңіс Омаров,  вайнер:

– Қарапайым қазақтың баласы болдым, бар мүмкіншілігім бойынша тіршілік істедім. Жұмыс істедім.

Ауқатты жанұяда туылмаса да, Zheka Fatbelly қазір мейрамханалар желісінің иесі. Мұндай жетістікке оны вайндары жеткізген.

«Юфреймдік» Артур Асқарұлының әкесі саясаткер, анасы белгілі тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева. Сондықтан, оған жұмыс істеп күнелтетіндей мұқтаждық болмаған. Дегенмен, мектеп жасынан вайнерлікті бастап, бүгінде, бірнеше бизнесті шыр айналдырып, табысты кәсіпкер атанып үлгерді.

Артур Асқарұлы, «Yuframe» командасының вайнері:

-Бүгінде маркетинг мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Бизнес пен маркетинг егіз ұғым. Сондықтан, болашағыма аса қажет мамандық.

Блогерлер бірауыздан вайн түсіріп жүріп-ақ, бақуатты болуға әбден болатынын растайды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close