Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Халық әртісі алпыста!

Бүгін, яғни, 28 қазан Қазақстанның Халық әртісі, кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса, халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі, талантты екі ұлдың анасы — Роза Қуанышқызы Рымбаеваның туған күні.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанады. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды. Қазақстанның Примадоннасы биыл 60 жасқа толған мерейтойын атап өтпек. Бізде өз атымыздан аты аңызға айналған Роза Қуанышқызын алпыстың шыңына шыққан күнімен құттықтап, шығармашылық табыстармен қатар, тезірек ене статусын алып, әже деген марапатқа ие болуын тілейміз!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close