Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткерінің күні

Бүгін Халық әртісі Роза Қуанышқызының қуанышты күнімен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері — Алтынай Жорабаеваның да туған күні! Халық әртісімен бір күнде дүние есігін ашқан  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері бүгін қырықтың қырына бір табан жақындады. Әнші бүгін 39 жаста. Роза Қуанышқызымен бір күнде туғаны текке емес-ау. Әншінің туған күніне орай, алдарыңызға Алтынай жайлы бірнеше деректер ұсынамыз.

Алтынай Құлажанқызы 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Бейнеткеш ауылының  1 мамыр орта мектебін тәмамдаған

Қожа Аxмет Яссауи атындағы ХҚТУ университетінде  өнер факультетінде 2 жыл  мұғалімдік қызметін атқарады

Үлкен сахнаға алғаш рет 1997 жылы шығып, биыл өнеріне 20 жыл толуда.

Алтынай 2004 жылы Болгарияның Варна қаласындағы ХІІ Халықаралық «Discovery» байқауында лауреат атанады

«Өмір-өзен» атты бейнетаспа альбомы жарыққа шығып, осы ән арқылы халық кеңінен тани бастайды

Көп балалы, 4 ерке қыздың анасы, биыл Астанаға қоныс аударды

Әншінің жеке бизнесі, Алматыда сұлулық салоны бар

Бұрынғы жары, әртіс  Сәбит Әбдіхалықов

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Алтынай дұрыс айттыңыз,сізбен толықтай келісемін.Ешкімнің ешқашан біреудің өмірін талқылауға құқы жоқ,əр адам Алланың маңдайға жазғнын көреді.Мына өмірде мінсіз ешкім жоқ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close