Жаңалықтаржоғары

Ник Вуйчич: Қазақстандық балаларға ой тастауға дайынмын

Әлемге танымал мотиватор, оратор, мүмкіндігі шеткеулі болса да өмірге деген құлшынысы басым Ник Вуйчич Қазақстанда. Естеріңізде болса,  «Synergy global forum» форумға Ник келмейтін болды деген жаңалықтар тарап кетіп еді. Дегенмен, арадаға түсініспеушіліктер шешіліп, Ник Алматының баурайында отандастарымызға өзінің мотивациялық сөздерімен сахнаға шықты.

Одан бөлек, Ник Қазақстандық ерекше, аяқсыз туылған астаналық оқушы Әли Тұрғанбековпен кездесті. Қос мұңдастың кездесуі қалай өткенін анасы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берген. Ол болашақта  мектеп оқушыларына арнап дәріс оқуға ниет білдіріп жүргенін айтты. Ол үшін Қазақстан билігімен әріптестік жайлы сөйлесуге дайындығын білдірді. Екі сағат бойы Ник қазақстандықтарға отбасылық өмірі, мансабы, кәсібі туралы әңгіме айтты.

«Сіздер өз өмірлеріңізді одан да жақсы ете аласыздар. Сіздер біреудің өмірін де жақсарта аласыздар. Қазір жағдайдың жоқтығына, сыбайлас жемқорлыққа сілтей салуға болмайды. Сіз тым болмаса бір адамға көмектесе аласыз. Қазақстан үкіметі менімен сөйлесуге ниет білдірсе, қазақстандық балаларға ой тастауға дайынмын», — деді Ник Вуйчич.

Қазіргі таңда Никтің әйелі, 2 ұлы бар. Жақында егіз қызы дүниеге келеді.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close