Жаңалықтаржоғары

Жеңіс Ысқақова: Келінімді қыздай көремін деген өтірік әңгіме

Белгілі әнші, қазір «ене» статусындағы Жеңіс Ысқақова  НТК арнасының Ревю жаңалықтарына берген сұхбатында келінімді қыздай көремін деген әңгіменің бәрі өтірік екенін айтты.

Аздаған уақытта мол тәжірибе жинап үлгерген әнші ұлының жұбайына үйдегі ішкі тәртіпті шегелеп тұрып түсіндірген. Ал, ер мінезді ене жас келінімен тіл табыса алды ма?  

«Ойбай, мен келінімді қыздай көремін деген әңгіменің бәрі өтірік. Тағы айтамын, мен өзімнің келінімнің алдында дұрыс болуға тырысамын. Ол да менің алдымда дұрыс болуға тырысады»,— дейді әнші.

Ысқақованың сөзінше, келінмен арадағы кикілжің енелердің ессіздігінен туындайды екен.

«Менің айтқанымды істейсің, менің айтқанымдай деген принципті қою керек сияқты. Келіп алып, менің заңыммен, менің дәстүріммен жүр деуге болмайды. Жәймен үйрету керек деп ойлаймын.

Ысқақованың келініне қоятын талаптары қандай?

Кім таңертең жұмысқа кетеді. Сол өзінің шәйін ішіп кете береді деген болмайды. Біреу жұмысқа кетеді ме, бәріміз бірге таңғы асты ішіп, бәріміз бірге дастарханнан тұруымыз керек. Содан кейін, өзіміздің жұмысымызбен кетуіміз керек. Бірақ, бүгінгі күні келінім соны орындап отыр, Аллаға шүкір! Әрі қарай көре жатармыз енді”, – дейді Ысқақова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close