Жаңалықтаржоғары

Елімізден тұңғыш рет Димаш Құдайберген шақырту алған American Music Awards премиясы несімен ерекшеленді?

American Music Awards премиясы – әйгілі музыка саласындағы ең маңызды кештердің бірі. Кешегі салтанатты кеште әлемге атын шығарып үлгерген нағыз жұлдыздар бас қосты. Бірі ерекше қойылымымен сахнаға асықса, бірі бәйгеде үздік танылған есімдерді жариялауға асық. Ал көрермендер үздік шоу-бағдарламаларды көріп,тек тамсана отырды.

Біз сіздерге AMA-2017 музыкалық бәйгесінің ең ерекше қойылымдар тізімін ұсынбақпыз. Оның қатарында әрине: Кристина Агилера, Леди Гаги, Селена Гоместы сынды әртістерді атап өтпеуге болмайды.

Әрине, әлем жұлдыздарынан бұрын, солардың біріне арналған мақтанышымыз — Димашты атап өтпеу мүмкін емес. Димаш елімізден  тұңғыш рет әлемдік премияға шақырту алған жұлдыздарымыздың бірі.

Кристина Агилера

Соңғы жылдары Кристина Агилера бұрынғыдай сахнада жиі көрінбейді.Ұзынқұлақтардың айтуы бойынша, Мэттью Ратлер есімді ғашығымен тойға дайындалуда. Сағынған көрермендері Кристинаны сахнада көріп, көздері мен құлақтарының құрыштарын қандырды.

American Music Awards бәйгесінің қойылымына Уитни Хьюстонның трибьютын орындау үшін келіскен.Әнші 5 әнін орындады, оның бірі Will Always Love You әні.

Селена Гомес

Селена Гомес AMA-2017-де жаңа Wolves әнімен шықты. Ең қызығы, бұл әннің бейнебаяны айфонға түсірілген. Премиядағы орындауы Селена үшін екі себеппен алаңдаушылық туғызды. Біріншісі, бүйрегіне ота жасалғаннан кейінгі алғаш сахнаға шығуы болса, екіншісі, сары шашты жаңа образда.

Леди Гага

Селена Гомес секілді Леди Гага да біраз отаның құрбаны болды. Әнші бірнеше ай фибромиалгия ауруымен күресті. Қуанышқа орай, барлығы артта қалып, әнші сахнаға тез оралды. Біраз уақытын емделумен өткізіп алған әнші, премиямен қатар Вашингтонда кеш берді.

BTS

Bangtan Boys немесе BTS – k-pop жанрының жарқын жұлдыздары. Бойз-бэнд туған елдері Кореямен қатар, әлемді де жаулауда. American Music Awards жігіттер үшін әлемдік деңгейдегі дебюттері. Дебют ойдағыдай шықты, тіпті асып түсті. Оның бір дәлелі, біраз жұлдыздардың инста-стористері BTS-ке арналды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close