ЖаңалықтаржоғарыЭксклюзив

Болашақ сәбилерін күтіп жүрген жұлдыздар

Ана болу — әр қыз баланың арманы. Сәбилі болу — әр отбасының арманы. Алдарыңызға, еліміздің назарын өзіне аудара білген, болашақ сәбилерін күтіп жүрген жұлдыздардың тізімін ұсынамыз.

Тізіміміздің шымылдығын Қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино және театр актрисасы — Салтанат Бақаева ашпақ. “Арнау” тобының солисті, бүгін де Нұржан есімді азаматқа тұрмысқа шығып, екі ұл тәрбиелеп отыр. Әншілікпен қатар Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының актрисасы үшінші перзентіне аяғы ауыр.

Аиша. Беркуттың Аишасы да, Салтанат секілді екі ұлдың анасы. Әншінің жары Беркут, телеарналарға берген сұхбатында үшінші перзенттерін күтіп жүргенін және жарының құрсағындағы сәбидің 3-айында екенін қуаныштан айтып кеткен болатын. Танымал жұп қазір кино әлеміне бет бұрған. Беркут алғашқы фильмінің тұсауын кеспек болса, Аиша отандық сериалдардың біріне түсіп жүр.

Динара Қырықбаева. Жастайынан өнер әлемінде танылған әнші 2015 жылы 24 мамыр күні  Олжас есімді жігітке ұзатылды.  Айша есімді тәтті қыздың анасы қазір екінші перзентін күтуде. Әнші өзінің инста-парақшасында арнайы жасатқан суреттерін жариялап, халықты сүйсіндіруде.

Ақерке Тәжібаева. 2016 жылдың 23 сәуір күні қобызшы Ақерке Тәжібаева қуанышты жаңалығымен бөлісіп, өзіне сырға салынғаны туралы хабарлаған болатын. Ақтөбе қаласына ұзатылған танымал қобызшы, әрі әнші Қайрат Нұртастың қарындасы қазір тұңғышын күтуде.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close