Жаңалықтаржоғары

Ерке Есмахан енді «Алло» әнін орындамайды

Белгілі әнші,нағыз хитке айналған «Қайда?» әнінің орындаушысы — Ерке Есмахан енді «Алло» әнін орындамайды. Талай хит-парадтардың бірінші орнынан түспей, Төреғали екеуінің жұлдызын биік еткен бұл әнді Еркеге орындауға тыйым салынған екен.

Бұл жайлы әнші  GAKKU арнасына берген сұхбатында: «Қазір бұл ән менің репертуарымда жоқ. Әннің авторы хит әнді басқа әншілерге сатқанына байланысты, менің енді орындауға қақым жоқ. Бірақ Төреғали басқа әншілермен бірігіп, орындап жүр» — дейді.

Онымен қоса, әнші сұхбат барысында Баян Мақсатқызының орталығымен қош айтысқанын айта кетті. «Бір жыл бұрын маңызды шешім қабылдап, әрі қарай өзім жұмыс жасауға бекіндім. Әрине, қорқыныш болды. Біраз уақыт бойы продюсеріме айта алмай жүрдім. Бірақ тәуекелге бел буып, осындай шешім қабылдадым. Баян Мақсатқызы да, Бағым Мақсатқызы да түсіністікпен қарап, маған тек сәттілік тіледі » — дейді эстрадамыздың аққуы атанған Ерке. Баян Мақсатқызына өз алғысын айтып, Баянның мектебінен өткендердің жаман болмайтынын айтады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close