Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Асылхан Төлепов шаңырақ көтерді

Төлептовтар отбасында сүйінші! Үлкені Артур болса да, Асылхан бастап, отбасына келін түсірді. «Жаужүрек мың бала» тарихи фильміндегі Сартаймен әйгілі болған Асылхан Айсұлу есімді қызбен шаңырақ көтерді.

 Асылханның тойы өзге тойдан өзгерек. Несімен? Біріншіден, той алдындағы көңіл көтеруден «гулянка» жас жұбайлар садақа беруді жөн көрген. Ол жайлы бірінші Сәкен Майғазиев инстаграмдағы парақшасына:  «Бүгін Асылxан  бауырым (Жаужүрек мың бала) қолына ақ құсын қондырды. АЛЛА тағала баянды бақыт бергей. Мұсылманда жария садақа деген болады. АЛЛАның бергеніне шүкіршілік етіп, «Перзент» балалар үйіне ат басын бұрып, бүлдіршіндерді бақытқа бөлеген бауырымыз бен келінімізге РАББЫМЫЗ салиx ұрпақтар нәсіп еткей» — деп жастарға бақыт тіледі.

Одан бөлек, ТВ продюсер, пиар-менеджер Алпамыс Шаримов: «Кешір, Асылxан xалық білсін! Талай біліп-білмей жатқан оң істерің қаншама?! Бірақ, бұл ісің менің жүрегіме досыма деген мақтаныш, құрмет сезімін еселетті. Әрине, бұны Сен біреу білсің деп емес — жүрегіңмен риясыз істедің! Сендей азаматтардың ісі көпке үлгі болуы керек! Әмина апайдың «Перзент» балалар үйіне барып дастарxан жайып, көңілдеріңізді білдіріп, қаншама құрмет көрсеткендеріңіз — жақсы іс. Өзің үшін маңызды күнде жастардың «гулянкасын» жақсы іске алмастыруын да жамағатқа үлгі, жартыға бүтін болсын!!! Бүгінгі бақытты күндеріңізде Сіздермен бірге болғаныма мен де бақыттымын! (Айтып-айтылмаған барлық) Игі істеріңіз мың есе Алладан қайтсын!!! Бақытты болыңыздар!!!» — деп ағынан жарылды.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы жазбаларымызда қыз ұзату рәсімінен жариялаған едік, ғашықтардың шаңырақ көтеру тойы бүгін, 7-қараша, Алматы қаласында өтуде.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close