Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Нұрлан Сабуров «Брат или брак» фильмі жайлы

Белгілі шоумен, Ресейлік StandUp жұлдызы, КВН-щик, біздің отандасымыз, нағыз оратор — Нұрлан Сабуров алғаш рет Қазақстандық «Брат или Брак» фильмінде бой көрсетті. Бұл Нұрланның кино сферасындағы алғашқы тәжірибесі.
Фильм продюсері Құралай Анарбековадан ұсыныс түскенде, Сабуров қуана-қуана келісімін бергенін айтады: «Мен үшін жақын жанр — комедия болғандықтан, бұдан алдын да көптеген фильмдерге түсуге ұсыныстар түскен.  Бірақ, дәл осы фильм сценариі мені қызықтырды. Әуелі өзімнің туған жерімде түсемін деген ұстанымым бар еді, келісімімді бірден бердім», — дейді шоумен.
Фильмдегі Аянмен Нұрланның айырмашылығы бар ма? — деген сұраққа Сабуров НТК арнасының Ревю бағдарламасына берген сұхбатында: «Біріншіден, басты айырмашық ол миллионер. Екінші айырмашылық, оның балалары жоқ. Ал мінез жағын айтар болсақ, Аянның өзімшілдігі басым. Мен өмірде қарапайыммын».

  Сізге түсірілім бойынша, ең қатты ұнаған эпизод? Сабуров: «Гоха мен Айдардың үйге қонаққа келгені. Нағыз атыстың көкесі», — дейді. Онымен қоса Нұрлан актерлік құрамның көбісінің дебюті болса да мықтылығын, кәсібилігін атап кетті.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close